• Мобильді үстемені жүктеу

Түрік инвесторлары ШҚО-да байыту фабрикасын салуды жоспарлауда

Шығыс Қазақстан облысында хромиттерді байыту фабрикасын салу жоспарлануда. Инвестор - YilmadenHolding түрік компаниясы (YildirimGroup еншілес кәсіпорны). Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылмақ.

Геологиялық барлау кезеңінен кейін расталатын, өңірдің шикізаттық әлеуетіне байланысты YILMADEN заманауи металлургиялық кәсіпорындарға инвестициялау және шикізатты жергілікті деңгейде қосылған құны жоғары ақырғы өнімге қайта өңдеу туралы мәселені қарайды.

«Хромит кенін байыту кешені құрылысының жобасы - бұл өңірде хромит кенін, концентраттар мен феррохром өндіру бойынша қолданыстағы қызметті қолдау мен кеңейтудің жаңа мүмкіндігі. Инвесторлар хром кенін өзінің қазіргі бизнесі үшін де, өңірдегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер үшін де орта мерзімді және ұзақ мерзімді жеткізуді қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, бұл компанияға феррохромның жергілікті өндірушісі және экспорттаушысы болуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Нартай Бейсеков.

3 жыл геологиялық барлау жұмыстары мен егжей-тегжейлі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленгеннен кейін хромиттерді қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту кешенінің құрылысы басталады деп күтілуде, құрылыс 2 жылға созылады.

Кенді қайта өңдеу кешенінің ең аз қуаты шамамен 300 мың тоннаны құрайды. 70-тен астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Анықтама ретінде:

Yilmaden Holding - әлемдегі жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохром (HCFeCr) өндірушілерінің жетекші компанияларының бірі. Бүгінгі таңда Yilmaden жоғары сапалы жоғары көміртекті феррохромның екінші ірі өндірушісі және әлемдегі хром кенін ірі өндірушілердің бірі болып табылады.

Yildirim Group - металлургия және тау-кен өнеркәсібі, көмір және кокс электр энергиясын өндіру, тыңайтқыштар және химикаттар сияқты салаларда белсенді жұмыс істейтін ірі түрік өнеркәсіптік конгломераттарының бірі. Сондай-ақ, Yildirim Group портты басқару, логистика, кеме қатынасы, өнеркәсіптік құрылыс және жылжымайтын мүлік сияқты бағыттар бойынша жұмыс істейді. Штаб-пәтері Стамбулда орналасқан, компанияда 4 континентте 51 елде 12 000-нан астам адам жұмыс істейді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/turkish-investors-will-build-an-enrichment-plant-in-east-kazakhstan-region/