• Мобильді үстемені жүктеу

Шанхайда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

«KAZAKH INVEST» Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдері өкілдерінің қатысуымен Шанхайда өткен «The First Shanghe Business Connect Forum» экономикалық форумы аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен инвестициялық қолдау шараларымен таныстырды.

Іс-шара өңірлік сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, сондай-ақ ШЫҰ елдерінде және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы бойында орналасқан елдерде электрондық сауданы және «fintech» индустриясын дамытуға арналған.

Кездесуге 50-ге жуық қытай компаниялары, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Пәкістан және басқа да елдердің дипломатиялық корпусының өкілдері қатысты. Іс-шара шеңберінде ШЫҰ Бас хатшысы Владимир Норов пен Еркін сауда аймақтары Дүниежүзілік Альянсының Бас хатшысы Ян Юнсинь құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қытайдағы «KAZAKHINVEST» компаниясының Бас өкілі Қуаныш Амантай Форум қатысушылары мен қытай компанияларының назарына Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы және қазақстандық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастық әлеуеті туралы ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында «KAZAKHINVEST» қытай компанияларының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, кездесулер аясында тараптар ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, жаңа технологиялар, электрондық коммерция және медицина сияқты салаларда инвестициялық ынтымақтастықты жолға қою мүмкіндіктерін талқылады.

«KAZAKHINVEST» тұсаукесерінің қорытындысы бойынша Шығыс Қытайдың бірқатар өңірлерімен және кәсіпорындарымен инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерімен одан әрі жұмыс істеу жоспарланған.

Форумды ШЫҰ Хатшылығымен (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) бірлесе отырып, «Shanghe Business Connect» бизнес клубы ұйымдастырды.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/v-shankhae-predstavleny-investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana/