• Мобильді үстемені жүктеу

АҚШ, Қазақстан және Өзбекстанның инвестициялық серіктестігі $1 млрд «әкеледі»

Қазақстан, АҚШ және Өзбекстан үкіметтері Орталық Азия инвестициялық серіктестігін құру туралы жариялады, деп жазады Газета.uz.

Осы бастама аясында Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және АҚШ-тың халықаралық даму қаржы корпорациясы (DFC) бес жыл ішінде кем дегенде 1 миллиард доллар тартуға бар күшін салады, делінген мәлімдеме мәтінінде.

Орталық Азия инвестициялық серіктестігі «инфрақұрылым сапасының халықаралық стандарттарының үлгісі болып табылатын және инклюзивті, ашық және тұрақты инвестицияларға ықпал ететін» жеке сектордың басшылығымен іске асырылатын жобаларды ілгері жылжытатын болады»,- делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, әріптестер жобалардың табысқа жетуіне және оң әсеріне барынша ықпал етіп, өңірге қосымша жеке инвестицияларды жұмылдыратын болады.

Орталық Азия инвестициялық әріптестігі C5+1 (Орталық Азия елдері — АҚШ) платформасы арқылы жұмыс істейтін болады.

«Бұл бастама Орталық Азиядағы әрбір елді күшті және гүлденген елге айналдыру үшін сауданы арттыру, дамыту және өзара іс-қимыл үшін мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтылатын болады. Аймақ COVID-19 пандемиясының экономикалық әсерін қалпына келтіруге ұмтылған сайын, мұндай ынтымақтастық пен тұрақтылық бұрынғыдан да маңызды бола түседі»,-делінген мәлімдемеде.

Өңірлік жобаларды қолдаудан басқа, DFC Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігімен және «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен өзара түсіністік туралы екіжақты меморандумдарға қол қою арқылы Орталық Азиядағы екіжақты серіктестікті тереңдетуді жалғастырмақ.

https://kapital.kz/economic/92472/investpartnerstvo-ssha-kazakhstana-i-uzbekistana-prineset-1-mlrd.html