• Мобильді үстемені жүктеу

Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағына келу және болу ережесі

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ «Франция-Қазақстан» Сауда-өнеркәсіптік палатасымен (ФҚСӨП) бірлесіп Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлап отырған шетелдік инвесторлар үшін визалық режим және көші-қон заңнамасы мәселелері бойынша вебинар өткізді. Онлайн-шараға француз компанияларының 50-ге жуық өкілі қатысты.

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің өкілі Алмас Хамза шетел азаматтарының ҚР аумағына кіруінің негізгі рәсімдерін түсіндірді.

Карантиндік режим кезінде ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Ведомствоаралық комиссия бекіткен «Карантиндік шектеулер кезеңінде 2020 жылғы 11 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі» қолданылады. Осы Тәртіпке сәйкес, арнайы құрылған Ведомствоаралық комиссия бекіткен тізімге сәйкес әлеуметтік маңызы бар компаниялардың шетелдік қызметкерлеріне ҚР-ға кіруге рұқсат етіледі.

«Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ортасынан бастап рәсім жеңілдетілді және А5 санатындағы инвесторлық визаны алу шарттары жақсартылды. Инвесторлық визаға қолдаухат алуға арналған құжаттарға өтінімді egov.kz порталы арқылы электрондық түрде беру енгізілді. Өтінішті портал арқылы қарау және беру мерзімі 5 жұмыс күнін құрайды. Қазіргі уақытта көп мәртелі инвесторлық виза 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі, ал оның иелері еңбек рұқсатын алу қажеттілігінен босатылады», - деп атап өтті АлмасХамза.

Өз кезегінде, «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ Сервистік қолдау департаментінің басшысы Алида Туебекова пандемия жағдайында шетелдік инвесторлар үшін «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ көрсететін визалық және көші-қон қолдауы туралы айтып берді.

«Қазіргі уақытта көптеген елдердің азаматтарына ҚР аумағына кіру үшін виза қажет (ТМД елдерін қоспағанда). «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ шектеу шаралары мен карантин кезеңінде шетелдік инвесторларға визалық және көші - қон қолдауын көрсетеді», - деп хабарлады Алида Туебекова.

Вебинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында сұрақтар мен жауаптардың интерактивті сессиясы ұйымдастырылды. Инвесторлар өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, оларға уәкілетті мемлекеттік органдардан толық жауап алды.

Айта кететін жағдай, жыл басынан бері «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ инвесторларға визалық және көші-қон мәселелері бойынша 130-дан астам кеңес берді. Сонымен қатар, шетелдіктердің 112 өтініші өңделді, олардың 98%-ы инвесторлардың пайдасына шешілді. Сондай-ақ, 7 проблемалық мәселе шешілді.

Анықтама ретінде:

Франция-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы (ФҚСӨП) - Қазақстандағы әр түрлі француз экономикалық өкілдіктерінің өзара мүдделерінің қауымдастығы, Франция, Француз тілді серіктестер және Қазақстан арасындағы іскерлік қатынастарды дамытуға және қолдауға мүмкіндік беретін келіссөздер, ақпараттық алмасу платформасы. ФҚСӨП Қазақстандағы белсенді француз кәсіпорындарының атынан 40-тан астам Мүшелерді біріктіреді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/pravila-vezda-i-prebyvaniya-inostrannykh-grazhdan-na-territorii-respubliki-kazakhstan/