• Мобильді үстемені жүктеу

Қытайдың Бизнес қоғамдастығына Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Бейжіңде ҚХР-дағы «KAZAKHINVEST» АҚ-ның Өкілдігін ұйымдастыру кезінде PWC Қазақстан және PWC Қытай-мен бірлесіп, ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қолдауымен семинар болып өтті, оның шеңберінде белсенді халықаралық қызмет жүргізетін 30-дан астам қытайлық компаниялар - PWC клиенттері үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Іс-шара барысында қытай компанияларының назарына ауыл шаруашылығының, тау-кен металлургия және көлік-логистика секторларының инвестициялық әлеуеті туралы ақпарат ұсынылды.

«Республиканың саяси және экономикалық тұрақтылығы - еліміздің ауыл шаруашылығы секторына инвестицияларға жоғары қызығушылықтың негіздерінің бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілер үшін мемлекеттік қолдауды қарастыратын Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан аграрлық секторға инвестиция салу үшін мол мүмкіндіктер ұсынады»,- деп хабарлады «KAZAKHINVEST» Жобалар департаменті директорының орынбасары Сабыр Сәуле.

Осы бағыттардың ішінде ет пен сүтті, жемістер мен көкөністерді, оның ішінде жылыжай көкөністерін өндіру және қайта өңдеу, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу, сондай-ақ жыл сайын өңірде және әлемде танымал болып келе жатқан органикалық өнімдер өндірісі бар.

«Біздің басымдықтарымызды талдай келе, біз республикадағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің импортын алмастырумен және экспортын дамытумен тікелей байланысты саладағы бірнеше неғұрлым перспективалы бағыттарды айқындадық»,- деп хабарлады «KAZAKHINVEST» жобалар департаменті директорының орынбасары Сабыр Сәуле.

Инфрақұрылымдық сала және осы саладағы жобалар туралы «KAZAKHINVEST» жобалық менеджері Азизхан Құдабеков айтып өтті.

«Стратегиялық географиялық орналасуына байланысты еліміздің инфрақұрылымды дамытудағы жоғары әлеуеті белгіленді, сондай - ақ қытай бизнесі үшін релевантты KAZAKHINVEST ағымдағы портфелінен нақты инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі таңдалды»- деп хабарлады Азизхан Құдабеков.

Тау-кен металлургия саласы және осы саладағы жобалар туралы «KAZAKHINVEST» жобалық менеджері Текигулова Диляра айтып берді.

«Бүгінде тау-кен металлургиялық кешені басым өсу жобаларына шоғырланған. Біз геологиялық барлау жұмыстары, өндіру және түпкілікті өнім өндірісі үшін мемлекеттік қолдау шараларының құрамдастырылған пакетін ұсына отырып, өндіріс үшін қолайлы жағдайлар жасауды ұсынамыз. Айта кететін жағдай, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодекс Қазақстанда жер қойнауын пайдалану шарттарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған және жаңа кен орындарын ашу үшін негіз болып табылады», - деп хабарлады Текигулова Диляра.

Өз кезегінде, PWC ҚР салық саясатына және шетелдік заңды тұлғаларды тіркеуге және олардың қызметіне байланысты заңды мәселелерге шолу жасады.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/biznes-soobshchestvu-kitaya-byli-prezentovany-investitsionnye-vozmozhnosti-respubliki-kazakhstan/