• Мобильді үстемені жүктеу

Түрік кәсіпкерлері қазақстандық органикалық агроөнімдерді АҚШ нарығына шығаруға ниет білдірд

Ауыл шаруашылығының министрі Сапархан Омаровтың шақыруымен Қазақстанға Dervisoglu Group компаниясының ортақ иеленушісі және басшысы келді. Сапар барысында түрік агронарығының көшбасшысы қазақстандық фермерлермен кездесулер мен келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың қазан айында ауыл шаруашылығы министрі Түркияның ірі агроөнеркәсіптік кәсіпорындарының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізіп, ауыл шаруашылығын дамыту және Қазақстанның АӨК-нің өндірістік әлеуеті туралы ақпаратты таныстырды, сондай-ақ еліміздің агросекторына белсенді инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар, Сапархан Омаров республика фермерлерімен ынтымақтастықты ұйымдастыруда практикалық көмекке кепілдік берді.

ҚР АШМ басшысының ұсынысына бірқатар компаниялар (толығырақ осы жерде), соның ішінде Ыстамбұл өнеркәсіп палатасының ТОР500 кәсіпорындарында екінші компания болып табылатын және АҚШ-қа органикалық өнімді өсіруге, қайта өңдеуге және экспорттауға маманданған Dervisoglu Group қатысты.

Органикалық өнімінің жылдық айналымы $285 млн құрайтын Dervisoglu Group органикалық егіншілік саласында  ынтымақтастық және майлы дақылдар мен дәнді дақылдарды өңдеу және қаптау өндірісін құру мүмкіндігіне қызығушылық танытты. Болып өткен кездесу барысында тараптар жуық арада Қазақстанға сапармен келуге келісті.

Бүгін министр Сапархан Омаров Нұрсұлтан қаласында Dervisoglu Group делегациясын қабылдады. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі кездесуден кейін компанияның акционері Саит Дервишоглу мен техникалық директоры Мехмет Бучак органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өсірумен айналысатын қазақстандық фермерлермен келіссөздер өткізеді. Басқа да мәселелер қатарында тараптар АҚШ нарығына одан әрі экспорттау үшін қазақстандық өнімге американдық NОР сертификатын алу мүмкіндігін талқылауға ниет білдірді.

https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/turetskie-predprinimateli-namereny-vyvesti-kazakhstanskuyu-organicheskuyu-agroproduktsiyu-na-rynok-s/