• Мобильді үстемені жүктеу

Түрік инвесторлары қазақстандық жобаларға $160 млн салуға дайын

Қазақстандық делегацияның Стамбулға сапары шеңберінде Түркияның іскер топтар өкілдерімен бірқатар жобалар бойынша ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластықтарға келіссөздер барысында қол жеткізілді. Бұл сапар бұрын бейнеконференцбайланыс арқылы орнатылған шетелдік инвесторлармен диалогтың жалғасы болып табылады.

Делегация құрамына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков, сондай-ақ Қазақстанның жергілікті атқарушы және квазимемлекеттік органдарының өкілдері кірді. Түрік тарапына 30-ға жуық ірі компаниялардың иелері мен бірінші басшылары кірді.

Кездесу барысында қазақстан-түрік сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық және инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров өз сөзінде түрік инвесторлары бүгінгі таңда ең белсенді инвесторлардың бірі болып табылатынын атап өтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін инфрақұрылым, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу сияқты салаларда шамамен $160 млн болатын 5 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өз сөзінде Қазақстан мен Түркия ортақ тарихи, мәдени және бауырластық байланыстары бар стратегиялық серіктестер болып табылатынын атап айтты. 2020 жылдың 8 айының қорытындылары бойынша, пандемияға қарамастан, тауар айналымы $2 млрд-тан асты, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға артты. 2019 жылдың қорытындылары бойынша шамамен $360 млн түрік инвестициялары тартылды, бұл жылдық есептеудегі жаңа абсолюттік рекорд болып табылады.

Іс-шара шеңберінде Қазақстанда өнеркәсіп, АӨК салаларындағы инвестициялық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмі арқылы іске асыруға ниет білдірген әлеуетті инвесторлармен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

Келіссөздер қорытындылары бойынша шамамен $160 млн-ға 5 келісімге қол қойылды. Құжаттар шеңберінде Қазақстанда логистикалық және сауда және ойын-сауық орталығының, жылыжайдың, жылу көзінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, газ-электр плиталарын шығаратын зауыт салу жоспарда бар.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/turetskie-investory-gotovy-vlozhit-160-mln-v-kazakhstanskie-proekty-/