• Мобильді үстемені жүктеу

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінде Халықаралық инвесторлар апталығы»

ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы 2020 жылдың 5 қазаннан бастап 9 қазанды қөоса алғандағы аралықта виртуалды «Астана» Халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - АХҚО)  әкімшілігінде Халықаралық инвесторлар апталығы» (World Investor Week – 2020 – WIW – 2020).

АХҚО-дағы виртуалды WIW – 2020 іс-шаралар веб-семинарлар, дәрістер, презентациялар және панельдік пікірталастар түрінде онлайн режимінде өтеді. Іс-шаралардың спикерлері АХҚО сарапшылары, сондай-ақ әр түрлі қаржы саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар болады.

Іс-шараларлың басты мақсаты – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша хабардарлықты арттыру, қаржылық және инвестициялық сауттылық деңгейін арттыру, АХҚО-да көрсетілетін қаржылық қызметтер туралы ақпараттандыру. Қосымша ақпарат пен іс-шараға тіркелу https://afsa.aifc.kz/ru/events/wiw2020/ сілтемесі арқылы жүзеге асырылады.