• Мобильді үстемені жүктеу

Жыл соңына дейін 206 индустриялық жоба іске қосылады

Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі аймақтармен бірге әр түрлі өнеркәсіп салаларын қамтитын облыстардың ерекшеліктері мен бәсекелестік басымдылықтарын ескере отырып, Индустрияландыру карталарын жасады. 2020 жылы аймақтарда 18 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, жалпы сомасы 995 млрд теңгеге 206 жобаны пайдалануға енгізу жоспарланған. Бұл өндіріс көлемін 1,3 трлн теңгеге, экспорт көлемін 325 млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы ведомство басшысы Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында айтты,- деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы.

«Салалар бойынша агроөнеркәсіптік кешендегі және тамақ өнеркәсібіндегі жаңа өндірістердің ең көп саны - 76 жоба, құрылыс материалдары және машина жасау - сәйкесінше 38 және 19 жоба. Ағымдағы жылдың 8 айында 4,3 мың жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 204 миллиард теңгеге 28 жоба пайдалануға енгізілді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Үшінші тоқсанда құны 97 миллиард теңгеден асатын 14 жобаны іске қосу жоспарлануда. Жобалардың басым бөлігі 2020 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

«Жалпы, жобалар кесте бойынша жүзеге асырылуда. Ағымдағы проблемалық мәселелер аймақтың әкімдіктермен бірлесіп шешіледі»,- деп түсіндірді ол.

Инвестиция көлемі бойынша көшбасшылар - Қарағанды (203,1 миллиард теңге), Ақтөбе (138,3 миллиард теңге) және Алматы облыстары (104,1 миллиард теңге).

Моноқалаларда 1 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын құра отырып, инвестиция көлемі 132 миллиард теңгеден асатын 15 жоба іске қосылуда. Ауылдық жерлерде 5,8 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, 376 миллиард теңгеге 77 жоба іске қосылады.

Сонымен қатар, Қазақстанда бұрын шығарылмаған өнімдердің жаңа түрлерін, атап айтқанда, жылу шығарғыш жабдықтар, кабель өнімдерінің 7 түрі, карьерге арналған және жол техникаларының жаңа түрлері, композитті коагулянттардың жаңа түрі, газ анализаторлары, кішірек және үлкен диаметрлі еркін ағынды темірбетон құбырлары мен тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.

https://kapital.kz/economic/89849/do-kontsa-goda-zapustyat-206-industrial-nykh-proyektov.html