• Мобильді үстемені жүктеу

АҚШ Сауда палатасы қазақстандық-америкалық Іскерлік кеңесін бастады

АҚШ Сауда палатасы ресми түрде қазақстандық-америкалық іскерлік кеңесінің жұмысын бастағаны туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Іскерлік кеңестің міндеті АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі тереңдету», делінген баспасөз хабарламасында.

Республиканың Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша кеңес төрағасының қызметі Қазақстан экономикасындағы ең ірі инвестор болып табылатын Chevron компаниясына жүктеледі. Кеңестің хатшылығы аға вице-президент Хуш Чоксидің жалпы басшылығымен АҚШ Сауда палатасының бейінді аумақтық департаментінде орналасады.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы тауар айналымы жылына шамамен 2 миллиард долларды құрайды, экономиканың ауыл шаруашылығы, энергетика, тау-кен өндіру және инфрақұрылым секілді салаларында өзара сауданың одан әрі өсуіне үлкен мүмкіндіктер бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда 700-ден астам америкалық компания жұмыс істейді.

«Қазақстандық-америкалық бизнес қауымдастығының АҚШ Сауда палатасының құрамына кіруі бизнес қауымдастықты осы маңызды және стратегиялық қатынастарды дамыту үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді", деп атап өтті Еуразия-Тынық мұхиты өңірі бойынша Chevron компаниясының президенті Найджел Хирн.

«Біз АҚШ Сауда палатасында қазақстандық-америкалық іскерлік кеңесінің ашылуын Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге қуатты серпін беретін және екі елде де жаңа жұмыс орындары мен мүмкіндіктердің ашылуына ықпал ететін тарихи оқиға ретінде қараймыз. Орталық Азияның жетекші экономикасы ретінде Қазақстан Құрама Штаттардың сенімді серіктесі болып қала береді және америкалық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын», деп қосты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов.

АҚШ Сауда палатасы 3,5 миллионға жуық америкалық компаниялардың, 3 мың аймақтық палаталардың мүдделерін білдіреді және біріктіреді және олардың шетелде 90-нан артық өкілдіктері бар.

https://kapital.kz/economic/89584/torgovaya-palata-ssha-zapuskayet-kazakhstansko-amerikanskiy-delovoy-sovet.html