• Мобильді үстемені жүктеу

«Татнефть» Қазақстанда шина өндіруді ұйымдастырады

 «Татнефть»ЖАҚ Ресей компаниясы «Аллюр Компаниялар тобы» АҚ  -мен бірге Қазақстанда автокөлік шиналарын өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын ашады. ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Роман Скляр мен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың Нижнекамскідегі қызметтік іссапарында осыған қатысты тиісті келісімге және жобаны іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды. Қол қою рәсіміне  Татарстанның Премьер-министрі Алексей Песошин де қатысты.

Келісімде көрсетілгендей, жоба Қазақстанда жеңіл, жеңіл-жүк және жүк шиналарын шығару бойынша жаңа зауыт салуды қарастырады. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 3 млн жеңіл және жеңіл-жүк шиналарын және 500 мың жүк шиналарын өндіру  жоспарланып отыр. Инвестиция көлемі $140-тан  $188 млн-ға дейін.

«Бұл жоба Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің одан әрі дамуында стратегиялық маңызы бар. Шымкент шина зауыты жабылған сәттен бастап Қазақстанда бұрын мүлде шығарылмаған жаңа өнім болып табылады.  Осы мәселе бойынша бірталай уақыт бойы әңгіме-сұхбат жүргізіліп, аралық нәтижеге қолжеткізілді. Әлі де біраз жұмыстарды істеу керек, күзге қарай оны сатудың негізгі талаптары бойынша инвестормен келісу қажет», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары  Алмас Айдаров.

«Қазақстандық автопром осы салада өсу қарқыны бойынша ұзақ жылдар бойы көш бастап келеді. Даму алғышарттары мен ЕАЭО және таяу шетел нарығына шығу мүмкіндігі елімізге жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Өзінің  автокомпонентті базасын ашу, атап айтқанда шина өндіру  осы саланың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Бұл қазақстандық зауыттардың өнімін тарату мөлшерін арттыруға елеулі мүмкіндік береді» - деп атап өтті «Аллюр» компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев

Бүгінгі күні Қазақстанның шинах қажеттілігі толығымен импорт арқылы өтеледі. 2018 жылы жеңіл автокөліктерге арналған 4 млн.-нан астам шина мен қақпақтар импортқа шығарылды. Сонымен бірге, соңғы жылдары Қазақстан республикасында және көрші елдерде бюджеттік кластағы автокөліктерге сұраныс мөлшері біршама ұлғайды.

«Татнефть» үшін» жаңа өндірісті жасап шығару шина жиынтығын нығайтудағы тағы бір қадам болмақ. Біз шина өндіру саласындағы біздің құзіреттілігіміз Ресейде ғана емес, шетелде де қажет болғанын мақтан тұтамыз және Қазақстанның автокөлік өнеркәсібінің дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті «Татнефть» ЖАҚ-ның бас директоры Наиль Маганов.

Өндіріс 2022 жылы іске қосылады. Осы жобаның шеңберінде  аралас салаларды ескере отырып, 800-дей жұмыс орны ашылатын болады.  Жобаны іске асырудың жол картасына сәйкес автокөлік шиналары Қазақстанда шығарылатын автокөліктерді бастапқы жиынтықтауға, қайталама рынокқа, сонымен қоса, таяу шетелдер экспортына жіберілетін болады.  

Анықтама үшін:

 «Аллюр Компаниялар тобы» АҚ Қазақстанның аса ірі автоөндірушісі «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның акционері, JAC, Ankai, Yutong, Chevrolet, Ravon брендтерінің ресми  дистрибьюторы, өндірушісі және дилері, Қазақстан Республикасының  аумағында Hyundai, Niva Chevrolet, UAZ және MAN өндірушісі болып табылады.   

 «Татнефть» ЖАҚ  - Ресейдің тігінен интеграцияланған аса ірі мұнай компанияларының бірі. Осы компанияның құрамында мұнай-газ өндірісі, мұнай өңдеу, мұнай-газ химиясы, шина жиынтығы, АЖС жүйесі, электр энергетикасы, мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтарды өңдеу және шығару, сонымен бірге, сервистік құрылымдар блогы қарқынды түрде дамып келеді. «Татнефть» 2019 жылдың соңында нарықтық капиталдандыруда 28 млрд.-тан астам  АҚШ долларын құраған Ресейдің аса ірі жария компанияларының бірі болып табылады.

 https://invest.gov.kz/ru/media-center/press-releases/tatneft-organizuet-proizvodstvo-shin-v-kazakhstane/