• Мобильді үстемені жүктеу

Кәсіпкерлер ШҚО дамуына бір миллиард теңгеден артық қаражат жұмсауға міндеттеме алды

50 астам жоба үшін инвестор табу. Шығыс Қазақстан облысында өткен форум қатысушыларының алдында осындай міндет тұрды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Нәтижесінде кәсіпкерлер туған жерлерінің дамуына бір миллиард теңгеден артық қаражат жұмсауға міндеттеме алды.

Бірінші бизнес-форумда қатысушылар ауданның кең инвестициялық әлеуетін талқылады. Әкімдік өз кезегінде кез келген жобаған қолдау көрсетуге толық дайындығын білдірді. Кездесуге еліміздің әр бөлігінен келген  Бесқарағай ауданының кәсіпкер тумалары отанына дайын жобаларын әкелді. Астаналық кәсіпкер Болат Садық өңірде ғана емес, елімізде танымал «Шошқалы» емдік көлінің жанында демалыс орнын салуды жоспарлауда.

Болатқазы Тұрсынғазыұлы, жобаның авторы:

- Біз демалыс орнында егде жастағы адамдар отбасыларымен бірге демалатындарын жоспарлаудамыз. Жаз уақытында балалардың демалуы үшін 360 орын есептелген. Ат қора орнатылады, балалардың мінуі үшін 10 жылқы бөлінді. Ол үшін шағын ферма салынатын болады.

Бұл жобаны жүзеге асыруға 500 миллион теңге инвестиция жұмсалады. Ол үшін аудан басшылығы 12 километр жол және электр тоғы мәселесін шешуі тиіс. Атқарушы органдар шешімді қолдады. Сондай-ақ Бесқарағай ауылынла 120 орындық балабақша құрылысы, сүт-тауар фермасын ашу және жастарға арналған саябақ салу тәрізді ірі жобалардың меморандумдарына қол қойылды.

Шалқар Байбеков, Бесқарағай ауданының әкімі:

- Жалпы Бесқарағай ауданының даму бағдарламасы бар. Оның ішінде 54 жоба біздің бизнес, біздің демеуші, меценаттар үшін, барлығы дайындалып, бүгін ұсынылды. Олардың кейбіреулері іріктелді, біз көмек көрсетуге дайынбыз.

Құмар Мұқашев, еңбек ардагері:

- Тамаша форум! Біз ризамыз. Бесқарағай – бай өлке және әрқашан біздің туған жеріміз болып қалады! Адам игілікті еңбек еткенде, әрқашан жемісін көреді. Жастар өссін, өнсін, олармен бірге туған жері де өркендесін.

Одан басқа, кәсіпкерлер қайырымдылық қорын ашуға шешім қабылдады. Кейін жиналатын барлық қаражат көп балалы және аз қамтылған отбасыларына, сондай-ақ, ауданның басқа әлеуметтік проблемаларын шешуге жұмсалады.

Авторлары: Әсем Утешева, Медет Өмірханов

https://24.kz/ru/news/economyc/item/369909-biznesmeny-obyazalis-vlozhit-v-razvitie-vko-bolee-milliarda-tenge