• Мобильді үстемені жүктеу

Франциялық компаниялар Қазақстанға инвестиция жұмсау көлемін арттырды

Франциялық кәсіпкерлер Қазақстан экономикасына көбірек инвестиция жұмсай бастады, екі елдің арасындағы өзара тауар айналымы да өсті. Парижде Франция мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастағы биылғы жылдың қорытындысы жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

20 жыл бойы Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан TOTAL компаниялар тобының жетекшілерінің бірі «Достық» орденіне ие болды. Солайша франциялық алыптың еліміздің экономикасының дамуына қосылған үлесі атап өтілді. Жалпы биылғы жыл серпілісті болды – Францияда жергілікті кәсіпкерліктің қызығушылығын тудырған 3 қазақстандық инвестициялық форум өткізілді. Парламентаралық ынтымақтастық кеңейтілді, сондай-ақ, қазақстандық мәдениет маусымы табысты өтті, оның шеңберінде француздарға біздің киноның алғаш фестивалі, концерттер мен көрмелер ұсынылды. Дипломаттар табысты мәдени дипломатияның елімізді экономикалық деңгейде ілгері жылжыту үшін жақсы негіз болғанын атап өтеді.

Арно Брейяк, TOTAL компаниялар тобының вице-президенті:

- Биыл Қашаған өндірісі белгіленген жоспардан жоғары болды, сондықтан жыл Қашаған және TOTAL үшін жақсы аяқталды. TOTAL Ақтауға жақын орналасқан Доңға кен орны бойынша үш жаңа жобаның арқасында қайта инвестиция жұмсайды және басқа жағынан, өндірісті арттырып көруге тырысу үшін, Қашаған бойынша инвестиция жұмсаудың жаңа фазасын пысықтаудамыз.

Жан Галиев,  ҚР Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Франция бүгінгі күні бізге олардың стратегиялық серіктес болып табылатындарын көрсетуде, олар инвестициялар бойынша жаңа жобаларға шығып, елімізге технологиялар, жаңа идеялар әкелуде, бізбен тәжірибе бөлісуде және бұл ынтымақтастықты кейін де дамытуға ниетті. Біз алдағы жыл бұдан да жоғары нәтиже беретініне үміттенеміз, себебі біз елімізге бірнеше маңызды сапарларды күтудеміз.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/362365-frantsuzskie-kompanii-stali-bolshe-investirovat-v-kazakhstan