Премьер-Министр А.Мәмин ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысына дайындықты тексерді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәминнің төрағалық етуімен ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) аралық отырысы өткізілді.
«EY» компаниясының Қазақстан мен Орталық Азия бойынша басқарушы әріптесі Е.Досымбеков, «Аджип Каспиан Си Би Ви» басқарушы директоры Н.Аггоджери, Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы маркетинг және өткізу жөніндегі «КНАУФ» директоры Д.Пропп ШИК-тің жұмыс тобының инвестициялық саясатты іске асыру, энергетика, экология және мұнай-газ саласындағы, еңбек заңнамасы, адам капиталының дамуы және шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша бірлескен қызметі туралы баяндама жасады.
Жиналыста ШИК-тің 32-жалпы отырысының хаттамалақ тапсырмаларының орындалу барысы және алдағы 2020 жылғы Кеңестің «Шикізат емес экспортты дамыту» тақырыбы бойынша отырысына дайындық мәселелері қарастырылды.
«Кеңестің алдағы жалпы отырысының тақырыбы тым өзекті болып табылады. Қазақстан дамуының Стратегиялық жоспарына сәйкес 2025-жылға қарай бізге шикізат емес тауарлар мен қызметтердің экспорты көлемінің көрсеткішін $41 млр. дейін жеткізу керек», — деп атап өтті А.Мәмин.
Үкімет Басшысы атап өткендей, алдағы бес жылдық кезеңдегі инвестициялық жобалар пулының жалпы көлемі шамамен $120 млрд., базалық индустрияландыру, АӨК, көлік, туризм және сауда біздің инвестицияны арттырудың негізгі қозғалтқыштары болмақ.
Іс-шараға Кеңестің шетелдік мүшелерінің тұрақты өкілдерімен қоса, Үкімет мүшелері, «Атамекен» ҰКП және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.