Алматыда халықаралық бизнестің алыптары 30-дан астам келісімге қол қойды
Алматы қаласында өткізілген Almaty Investment Forum 2019 алаңының қорытындысы бойынша екі миллиард доллардан астам сомаға 30-дан артық келісімдерге қол қойылды, - деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Халықаралық бизнестің алыптары, трансұлттық компаниялардың басшылары, билік өкілдері – барлығы 20 елден 500-ден астам делегат келді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қонақтарға мегаполистегі ғаламдық реформалар туралы айтып берді. 2050-жылға қарай Алматы әлемдегі ең жақсы қалалардың жүздігіне енуі тиіс. Әрине, мұндай жоғары деңгейге жету үшін экспорттық өндірісті дамыту, логистиканы жаңғырту және сандық технологияларды белсенді дамыту қажет. Атап айтқанда, агломерация үрдісі мен жаңа аумақтарды біріктіру жоспарланып отыр. Мұның бәрі инвестициялауды талап етеді. Бизнесмендер қазір нарықты дамытуға қолайлы сәт екенін жақсы түсінеді.
Бруно Марторано, инвестор:
- Экотуризмді дамыту – біздің бизнесіміздің бағыттарының бірі болып табылады. Алматыда жағдай өте жақсы. Мұндағы әр түрлі табиған көріністері, заңғар таулар ерекше. Маған сеніңіздер, мұнда дамытатын дүние көп. Туристер әлем бойынша саяхат жасағанды, әдемі жерлерге барып көргенді жақсы көреді. Олардың көпшілігі жергілікті пабтарға, барлар мен мейрамханаларға емес, табиғат аясына шығуды жөн көреді. Бұл мәселе қазіргі уақытта дамытуды қолға алуды талап етеді.