• Мобильді үстемені жүктеу

Пекинде өткізілген «Бір белдік, бір жол» инвестициялық семинарға инвестиция саласындағы сарапшылар жиналды

Пекин қаласында өткізілген «Бір белдік, бір жол» инвестициялық семинардың шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің жәрдемдесуімен және «Deloitte» халықаралық консалтингтік компаниялардың өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шараға  Қытай бизнес-қоғамдастығының 100-ден астам өкілдері жиналды. Олардың қатарында CITIC Group, CNPC, Chemchina, Sinochem, WH Group және өзге де ірі компаниялар бар.

Бизнесті мемлекеттік қолдау және Қазақстанның экономикасын инвестициялаудың артықшылықтары туралы іс-шара барысында KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев айтып берді: «Қазақстанда шетел компанияларына инвестиция құю үшін тартымды мүмкіндіктер өте көп. Мысалы,  агроөнеркәсіптік кешен, мұнай химиясы, металлургия, туризм және фармацевтика. Қазақстан шетел инвесторлары үшін сенімді әріптес бола тұра, KAZAKH INVEST сарапшылық кеңестерді ұсынады және инвесторларға инвестициялау үшін тиімді жобаларды таңдап алуға көмектеседі»,- деді спикер.

Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы алмасу жөніндегі Қытай Ассоциациясы хатшысының орынбасары ЛЮ Ядан АӨК бойынша екі елдің компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті мол екенін айтып берді: «Қазақстандық сапалы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнімдерін Қытайға жеткізу және Қытайдың озық технологияларын қолдана отырып, осы өнімді Қазақстанда  бірлесіп өндіру арқылы ҚР нарығы мен ЕАЭО және ҚХР елдеріне экспортқа шығару бойынша екіжақты ынтымақтастықтың маңызы өте зор». 

Сонымен қатар, семинар барысында қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың 20-дан астам өкілдері КМК, химия және мұнай-химия, көлік және логистика, АӨК саласындағы өздерінің инвестициялық жобаларымен таныстырды.

Қазақстандық жобаларды таныстыру қорытындысы бойынша екі ел компанияларының арасында В2В-кездесулер өткізіліп, ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Ақпараттармен егжей-тегжейлі алмасу және өзара жұмыс сапарларын ұйымдастыру мақсатында бірқатар жобалар бойынша келісім-шарттар жасалды.  

Жобалардың бастамашысы – қазақстандық компаниялардың қатысуымен қазақстандық инвестициялық жобаларды ілгерілету жөніндегі осы шараны KAZAKH INVEST компаниясы Пекин қаласында қатарынан екінші жыл өткізіп отырғанын атап өткен жөн. Биыл қазақстандық компаниялар АӨК саласындағы жобаларын алғаш рет ұсынды.  

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/investitsionnyy-seminar-odin-poyas-odin-put-sobral-v-pekine-ekspertov-v-sfere-investitsiy-/