• Мобильді үстемені жүктеу

Италияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Триест қ. (Италия) «Белдеу және жол: табысты бизнес болашағы» Саммитінің ІІІ Съезіне 20 артық мемлекеттен 100 астам салалық қатысушы, «Бір белдеу – бір жол» бастамасына қатысушы елдердің саяси қайраткерлері қатысты.

Форум барысында Италияның көлік және инфрақұрылым саласын дамыту бойынша тәжірибесі, қалаларды, сондай-ақ, «Триест кемежайы» халықаралық теңіз кемежайын дамыту тәжірибесі зерттелді.

Форум жұмысына Италияның, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның саяси және іскерлік топтарының, өнеркәсіптік одақтар, инвестициялар тарту жөніндегі агенттіктер өкілдері, халықаралық қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Бүгінгі күні Италия Еуропа одағы елдерінің арасында Қазақстанның ірі сауда серіктесі және еліміздің экономикасына жетекші инвесторлардың бірі болып табылады.

Форум барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдері мемлекеттік қолдау шараларымен, көлік және логистика саласындағы тауашалы жобалармен, инвестиция тарту және инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі бірыңғай оператордың қатысуымен іске қосылған әрекет етуші жобалармен таныстырды.

Spea Engineering компаниясының Президенті Паоло Коста атап өткендей, Қазақстанның тиімді географиялық орналасуы оны Шығыс пен батыс арасындағы коммуникациялар қиылысы, қарқынды және белсенді дамып келе жатқан өңірдегі инфрақұрылымдық құрылыстарды салуға арналған үлкен халықаралық хабқа айналдыра алады.

Сонымен қатар, форум аясында Триест халықаралық кемежайының резиденттерімен және негізі 1965 ж. Италияда қаланған Еуропа үйі – Амброзетти (the European House – Ambrosetti) халықаралық консалтингтік тобының президентімен келіссөздер жүргізілді.

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан экономикасына жұмсалған италиялық инвестициялар көлемі $8,7 млрд. артық соманы құрады. Бұл ретте 2019 жылдың 8 айында Қазақстанның Италиямен сыртқы сауда айналымы $6,7 млрд. құрады.

Италиялық бизнестің Қазақстанға және жұмыс жағдайларына қызығушылығы республикамыздың аумағында италиялық капиталдың қатысуы бар шамамен 270 компанияның қызмет етуін растайды.

Форум қатысушылары атап өткендей, қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған шешімдер көп жақты экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға түрткі болып, Жібек жолына қатысушы елдердің іскерлік топтарының ынтымақтастығы мен ғаламдық бірігу процестерінің жаңа мүмкіндіктері мен болашағын айқындады.

Анықтама:

Еуропа үйі – Амброзетти (theEuropeanHouseAmbrosetti) халықаралық консалтингтік тобының негізі 1965 ж. Италияда қаланған. Президенті – Марко Грациоли, Бас атқарушы директоры – Валерио Де Молли. Амброзетти ұйымдастыратын форумдар әлемдік экономиканың ағымдағы сын-қатерлерін талқылау мақсатында мемлекет басшыларының, министрлердің, Нобель сыйлығы лауреаттарының, ірі бизнес өкілдерінің, бүкіл әлемге танымал сарапшылардың басын қосады.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-investitsionnyy-vozmozhnosti-kazakhstana-prezentovany-v-italii/