• Мобильді үстемені жүктеу

Түрік инвесторы Аitas KZ қазақстандық холдингін қағаздан жасалған орама өнімдерін шығарумен қамтамасыз етпекші

Ақмола облысында өткізіліп жатқан «Дамудың жаңа территориясы. Макинка» бизнес-форумы шеңберінде Cukurova Paper and Packaging Group мен «Аitas KZ» АҚ-ның арасында қағаз-орама өнімдерінінің толық циклін шығаруды ұйымдастыру және іске қосу бойынша бірлескен жобаны іске асыру мүмкіндіктері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  

Меморандумға  «Аitas KZ» АҚ – құрамына өсімдік шаруашылығы, құс етін өндіру және қайта өңдеу, дистрибуция, жобалау және құрылыс саласындағы 11 кәсіпорын бар осылай аталатын холдингтің басқарушы компаниясы қол қойды.  

Түрік инвесторы автомобиль, химия, тоқыма, сонымен қоса, телекоммуникация, құрылыс салаларында, банк және сақтандыру салаларында, медиа және ақпараттық технология салаларындағы өнеркәсіптік конгломерат болып табылатын Cukurova Holding AS компаниялар тобына енгізілген. Компания қатпаркартон қағаздан жасалған орама материалдарды шығару бойынша жобаларды іске асырмақшы.

Шетелдік инвестор Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрік Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде тартылған болатын. 

Өз кезегінде, KAZAKH INVEST инвесторларды қолдау жөніндегі шаралар мен функциялардың шеңберінде идеядан бастап жоба пайдалануға берілгенге дейінгі барлық кезеңдерде қолдау көрсетуге дайын. KAZAKH INVEST аналитиктерінің бағалауы бойынша осы ынтымақтастықтың перспективаларына позитивті болжам жасауғаболады: қағаздан жасалатын орама өнімдерінің толық циклін шығару бойынша пайдалануға енгізу желісі  келесі жылы іске асырылуы мүмкін.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/turetskiy-investor-nameren-obespechit-proizvodstvo-bumazhnoy-upakovki-dlya-kazakhstanskogo-kholdinga/