• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Нұр-Сұлтан қ. ІІ Құрметті Консулдар Съезінде Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырды

ІІ Құрметті Консулдар Съезін ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен KAZENERGY Қауымдастығы болып табылатын KAZENERGY Еуразиялық Форумының KAZAKHSTAN ENERGY WEEK 2019/XII өткізу шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігі, KAZAKH INVEST қолдауымен Құрметті Консулдар Қоғамы, «KAZENERGY» және FICAC Қауымдастықтары ұйымдастырды.

Съездің бірінші күні «FICAC» Дүниежүзілік Консулдар Федерациясының қатысуымен консулдық мәселелерге арналған сессиялар ұйымдастырылды. Съездің екінші күші экономиканың басым секторларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мәселелеріне арналды, мұнда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған сессияда KAZAKH INVEST шетелдік азаматтарды мемлекеттік қолдау шараларымен, сондай-ақ, Қазақстанның инвестициялық әлеуетімен таныстырды.

«Қазақстанда инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрылған: қазақстандық заңнаманы және шараларды түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс ретке келтірілген, шешімдер қабылдау ашықтығы қамтамасыз етілген, әкімшілік жүктеме төмендетілген. Біздің міндет – шетелдің инвесторлардың Қазақстандағы жұмысы үшін жайлы жағдай жасау», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Алмас Ағыбаев.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторлармен жұмыс жасаудың «бір терезе» қағидасы бойынша жаңа тәртібін, сондай-ақ, инвестицияларды тарту кезіндегі өзара әрекеттесу қағидаларын бекітті. Инвесторлармен жұмыс жасау механизмі үш деңгейде құрылған: сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-кеңселер. Инвесторларға қызмет көрсетудің сыртқы деңгейі – Қазақстанның шетелдік мекемелері, сондай-ақ, еліміздің инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін жауапты шетелдік өкілдіктер болып табылады. KAZAKH INVEST инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі орталық фронт-кеңсе болып бекітілді. Өңірлік деңгейде инвесторларға қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған фронт-кеңселер көрсететін болады. Оларда жергілікті атқарушы органдардың, ХҚКО, «Атамекен» ӨКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК), көші-қон, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар және аудармашылар жұмыс істейтін болады.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-investitsionnyy-potentsial-kazakhstana-na-ii-sezde-pochetnykh-konsulov-v-g/