• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Франциядағы ауыл шаруашылығы форумының шеңберінде АӨК саласындағы меморандумдарға қол қойды

Ренн қаласында (Франция) өткізілген ірі ауыл шаруашылығы форумында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің инвестициялық мүмкіндіктері  мен инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.

Іс-шараға Францияның жүзден астам   мемлекеттік органдарының, ауылшаруашылығы ассоциацияларының, институттар мен іскери орта өкілдері қатысты.

Форум шеңберінде делегация құрамында ауыл шаруашылығының вице-министрі Рустем Курманов, Қазақстанның Франциядағы Елшісі  Жан Галиев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның, ғылыми орталықтар мен бизнес өкілдері  Франция елінің ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында бизнес өкілдеріне Қазақстанның ғылыми және ауыл шаруашылығы шикізатын: ет пен сүтті, картопты, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістерді, көкөністерді қайта өңдеу саласындағы  тауашалы инвестициялық жобалары таныстырылды.  

«Франция – Еуропада  ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру және қайта өңдеу бойынша көшбасшылардың бірі. Француз бизнесінің өкілдері мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы саласындағы жобаларға аса қызығушылық танысты. Сонымен бірге, бүгінгі күні АӨК саласында 30-дан астам жаңа тауашалы жобалар іріктеліп, буып-түйілді. Жылдың соңына дейін жергілікті бизнес 20 шақты жобаны «буып-түюді» жоспарлап отыр.  Жалпы, алдағы уақытта біздің бағалауымызша, осы бағыттардағы қосымша және әлі іске асырылмаған мүмкіндіктер  шамамен $10 млрд құрайды», - деді  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның жобалау менеджері Сауле Сабыр.

Кездесу қорытындысы бойынша KAZAKH INVEST пен MERIAL, LosteGroup француз компанияларының арасында жануарларға арналған вакцина шығару және сиыр етінен жасалатын ет өнімдерін қайта өңдеу саласындағы ноу-хау технологияларды енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.  

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/memorandumy-v-sfere-apk-podpisal-kazakhinvest-v-ramkakh-selskokhozyaystvennogo-foruma-vo-frantsii/