• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Канадада Toronto Global Forum 2019 форумында таныстырылды

«KAZAKHINVEST» компаниясы Канададағы «TorontoGlobalForum 2019» жыл сайынғы ғаламдық экономикалық форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен инвестиция жұмсауға перспективалы салаларды таныстырып, шетелдік кәсіпкерлерге инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы әңгімеледі.

Ауқымды іс-шараға әр түрлі елдердің мемлекет басшылары, Fortune 500 компанияларының бас директорлары, халықаралық ұйымдар мен орталық банктердің жетекшілері қатысты. 

Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдиновтың және KAZAKH INVEST өкілдерінің құрамындағы делегация Канада, АҚШ және Латын Америка елдерінің трансұлттық корпорациялары мен ірі компанияларының жетекшілерімен 30 артық кездесу өткізді. Кездесулер барыснды бизнес өкілдеріне Қазақстанның АӨК, газ-химия, энергетика және ТКМК салаларындағы тауашалы инвестициялық жобалар ұсынылды.

Солайша, Gurnet Capital Point (АҚШ) өкілдерімен келіссөздер барысында Қазақстан аумағында медициналық хаб құру, оның ішінде, фармацевтика және медицина салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Әлемдік көшбасшылар және трансұлттық корпорациялар қазір дамушы елдердің жаңа перспективалы нарықтарын іздеуде. Өз кезегінде, Қазақстан біздің өндірістерді әр түрлі бағыттарда кеңейту үшін өте перспективалы ел болып табылады», - деп атап өтті Gurnet Capital Point басқарушы серіктесі Кристофер  Вибахер.

Одан басқа, Integra Capital компаниясының аргентиналық инвесторларымен кездесу шеңберінде делегаттар ІҚМ етін өңдеу және сояны қайта өңдеу саласындағы перспективалы жобаларды талқылады.

«Америкалық серіктестерімізбен бірге қазақстандық жобаларды зерттеуге және Қазақстанды инвестиция жұмсаудың жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру алаңы ретінде қарастыруға дайынбыз. Жақын арада Қазақстандағы өндірістік алаңды көріп, жыл соңына дейін компаниялар иелерімен танысқымыз келеді», - деді Integra Capital президенті доктор Хосе Луиз Манзано.

Кездесулер қорытындылары бойынша бір қатар компания Батыс Қазақстан облысында метанол өндіру, арнайы техниканы оқшаулау, литийді өндіру және өңдеу және басқалар тәрізді жобаларға қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ, әлемнің жетекші  компанияларымен цифрландыру және киберқауіпсіздік саласындағы жаңа беталыстар талқыланды.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana-predstavleny-na-toronto-global-forum-2019-v-kanade/