• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST инвесторларды сүйемелдеу бойынша орталық фронт-кеңсе болып бекітілді

Қазақстан Республикасының Үкіметі ОМО және ЖАО инвесторлармен жұмысын «бір терезе» қағидасы бойынша ұйымдастырудың жаңа тәртібін, сондай-ақ, инвестицияларды тарту кезіндегі өзара әрекеттесу ережелерін бекітті. Инвесторлармен жұмыс жасау механизмі үш деңгейде құрылған: сыртқы, орталық және өңірлік деңгейдегі фронт-кеңселер.

Құжатқа сәйкес, инвесторлар үшін басты оператор KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы болды. Ұлттық компанияға осы саладағы бір қатар функциялар, оның ішінде, ҚР Үкіметінің атынан ресми байланыстар мен келіссөздер жүргізу, елдің инвестициялық мүмкіндіктері бойынша кеңес және презентациялар ұсыну, инвестициялық қызмет барысында туындайтын сұрақтарды шешуде көмек көрсету, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді, сонымен бірге, басқа ұйымдар «бір терезе» қағидасы бойынша көрсететін басқа қызметтерді алу кезінде сүйемелдеу бөлігінде инвесторлармен өзара әрекеттесу функциялары бекітілді.

«Қандай да бір мемлекеттік қызметтерді алу шаралары шетелдік азаматтарға түсініксіз болатын жағдайлар кездеседі. Қазіргі уақытта «бір терезе» инвестиция тартудың кезекті нысаны мен тәсілі ғана емес, инвесторлармен жұмыс жасаудың жаңа механизміне айналуы тиіс. «Бір терезе» қағидасы ақпараттың қолжетімділігі мен еліміздегі шаралардың ашықтығын, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде инвесторға қолдау көрсетуді, туындайтын сұрақтардың уақытында шешілуін, инвесторлардың мемлекетпен байланысуының ортақ нүктесін қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы, «бір терезе» инвесторларға мемлекеттік қызметтер алудың жайлы шарттарымен қатар, шаралардың қолжетімділігі мен ашықтығын, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің тиімділігін береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Біржан Қанешев.

Инвесторлар үшін қызмет көрсетудің сыртқы деңгейі – Қазақстанның шетелдік мекемелері, сондай-ақ, еліміздің инвестициялық саясатын жүзеге асыру үшін жауапты шетелдік өкілдіктер болады. Өңірлік деңгейде инвесторларға қызметтерді «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін мамандандырылған фронт-кеңселер көрсететін болады. Оларда жергілікті атқарушы органдардың, ХҚКО, «Атамекен» ӨКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК), көші-қон, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополистер, нотариустар мен аудармашылар жұмыс істейтін болады.

Мамандар атап өткендей, бұл түзетулерді қабылдау «бір терезе» қағидасының қызметін ұйымдастыру тәртібін реттеуге мүмкіндік береді және инвесторлардың мемлекеттік және басқа қызметтерді алуының процесін жеңілдетеді. Бұл жаңалықтар еліміздің басшылығының Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартуға бағытталған кезекті қадамы болып табылады.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-utverdili-tsentralnym-front-ofisom-po-soprovozhdeniyu-investorov/