• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST 2019Алғашқы Каспий экономикалық форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

 «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ Туркменбаши қаласында (Түрменстан) өткізілген Алғашқы Каспийэкономикалық форумында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігін таныстырды.

Түркменстанның президенті Гурбангулы Бердымухамедовтің қатысуымен өткізілген іс-шарада  «KAZAKH INVEST» ҰҚ» АҚ-ның өкілдері  Қазақстанның инвестициялық артықшылықтары туралы кеңінен айтып берді және әлеуетті инвесторлармен сұхбаттасты.

Сөйлесу кезінде Calik Holding бірге тоқыма өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Түрік  холдингі 22 елде әр түрлі салада қызмет етеді, компанияның қызметкерлер саны 30 мыңнан асады.  Холдингтің құрамына кіретін Gap Pazarlama компаниясы тоқыма өнеркәсібі саласындағы ең ірі компаниялардың бірі болып табылады және Орталық Азия, Қиыр Шығыс және Африка елдерінде  өз өндірісі бар.  

“Бізде Түркменстанда төрт зауыт бар. Қазір біз Қазақстанға инвестиция беру мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, бұл үшін бізге жергілікті мықты, сенімді серіктес керек. KAZAKH INVEST бірге ынтымақтастық жақсы нәтиже береді деген сенімдеміз”, - деді Gap Pazarlama компаниясы бас директорының орынбасары Онур Юксель. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тоқыма өнеркәсібі саласындағы нақты жобалар бойынша келісімге келді.  

Ресейлік инвесторлар «Световые Технологии» компаниясы тобымен кездесу шеңберінде  Алматы облысында жарық аспаптары мен жарықтандыру жүйелерін шығаратын зауыт салуға дайын екенін білдірді.  Компания Орталық Азия елдерінде, оның ішінде Моңғолия мен Әзірбайжанда өз өнімін экспорттауды дамытуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, ауылшаруашылығына арналған өсімдіктерді, органоминералды және шағын тыңайтқыштарды, дәнді-бұршақты дақылдар мен ант қызылшасын қорғаудың химиялық құралдарын өндіретін  ресейдің жетекші кәсіпорындарының бірі - «Щелково Агрохим» АҚ-ның  өкілімен сұхбат жүргізілді. Бизнесмендер Степногорск қаласындағы өсімдіктерді қорғау ралдарын өндіру бойынша зауыттың қуаттылығын арттыруға қызығушылық білдірді.  

Екіжақты кездесу барысында кәсіпкерлер Қазақстанда автомобильдік өнеркәсіп саласындағы жобаларды іске асыратын «Кориб» компаниясы тобымен бірге осындай өндіріс орнын ашуға қызығушылық танытатынын хабарлады. Сонымен бірге,  автомобильдік аккумуляторлы батареяларды өндіретін «Елабуж аккумулятор зауыты» ЖШҚ Қазақстанға инвестиция беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін айтты.  «Біз үшін Қазақстан болашағы бар нарық болып табылады. KAZAKH INVEST бірге біздің саладағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға дайынбыз ”, - деп атап өтті бас директор Олег Коробченко.

Қазақтан тарапынан ұлттық стендтті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ҚР ИжИДМ), «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырды.  

Алғашқы Каспий экономикалық форумында сауда-экономикалық, көлік ынтымақтастығын дамыту, ірі жобаларға жағдай жасау, ғаламдық дәрежедегі Каспий аймағы экономиасының маңызы, экономиканың әр түрлі саласындағы инвестициялық тартымдылығы мәселелері талқыланатын болады.    Форумға  Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Татарстан және т.с.с. өзге де 10 ел қатысады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы 2014 жылдың 29 шілдесінде құрылған және   Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  100% еншілес компаниясы болып табылады.  Основная задача Внешнеторговой палаты Казахстана Қазақстанның Сыртқы сауда палатасның негізгі міндеті Қазақстанық бизнес мүдделерін сыртқы экономика саласында көрсету болып табылады.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-investvozmozhnosti-kazakhstana-na-pervom-kaspiyskom-ekonomicheskom-forume-/