• Мобильді үстемені жүктеу

Франция Қазақстанның экономикасына $15 млрд артық инвестиция жұмсады

     Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэрды қабылдады, деп хабарлайлы Ақорданың баспасөз қызметі.


           

Елбасы Қазақстан мен Франция арасында, оның ішінде, сауда-экономикалық және саяси салаларда екі жақты ынтымақтастық орнату үшін бастама бар екенін атап өтті.

«Біз Францияны Еуропалық одақ шеңберіндегі негізгі серіктес ретінде қарастырамыз. ЕО Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Екі ел арасындағы екі жақты сауда көлемі 4,5 млрд долларға жетті, ал Франциядан еліміздің экономикасына тікелей инвестициялар көлемі 15 млрд доллардан асты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елбасы бір қатар француз компанияларының Қазақстандағы табысты қызметін атап өтіп, олардың Қазақстандағы тиімді жұмысы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды жалғастыранынына сұхбаттасын сендірді.

Бруно Ле Мэр президентке жылы лебізі үшін алғысын білдіріп, Франция мен Қазақстанды көп жылдық өзара тиімді стратегиялық серіктестік байланыстыратынын атап өтті. Францияның Экономика және қаржы министрі сондай-ақ екі ел арасындағы табысты өзара әрекеттесуді жан-жақты дамытуға ниет білдірді.

Соңында елбасы Франция көшбасшысы Эмманюэль Макронға сәлемін және ізгі тілектерін жолдады.

  https://kapital.kz/economic/80161/franciya-investirovala-v-ekonomiku-kazahstana-svyshe-15-mlrd.html