А.Мамин инвестицияларды тарту мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді
Асқар Мамин инвестиция тарту мәселелері жөнінде Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді деп хабарлайды, «Хабар 24» тілшісі.
Министрлер кабинетінің басшысы салымдардың жыл сайынғы жалпы ағынын 2018 жылы 24 миллиард доллардан 2025 жылға қарай 34 миллиард долларға дейін тікелей шетелдік арттыруға міндет қойды. Сондай-ақ, отырыста көтерме-тарату сауда орталықтарының желісін дамыту мәселелері де талқыланды.
2023 жылға қарай логистикалық қуаттылықтарды кеңейту үшін Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Семей, Көкшетау, Атырау және Ақтау қалаларында 8 аймақтық тарату орталықтарының желісін құру жоспарланып отыр. Бұл механизм бастапқы кезеңде фермерлерден өнімдерді сатып алуға, сауда желілерінің қоймаларына таратуға және желтоқсан-сәуір айларында маусымаралық кезеңде оларды арзан бағалармен сатуға көмектеседі. Жобаны іске асыру тұрақты бағаларды қамтамасыз етеді, яғни әлеуметтік маңызы бар өнімдерге маусымдық алып-сатарлық бағаны өсіру жағдайлары болмайды. Осы жобаның жиынтық экономикалық тиімділігі салынған бір теңгеден 30 теңгеден артық соманы құрайды.