Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытуға $500 млн инвестиция салуға дайын
Дүниежүзілік банк Қазақстанда мал шаруашылығын дамытуға инвестиция салуға дайын, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен АҚШ-тың банк өкілдері арасындағы келіссөздерден кейін белгілі болды. Америкалық компаниялар қомақты инвестициялар тартатын болады. Кездесу қорытындылары бойынша тараптар тиісті келісімдерге қол қойды.
Сапархан Омаров, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі:
- Біз АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрімен, Небраска штатының губернаторымен, ірі компаниялардың басшыларымен кездестік. Біз суландыру құрылыстарын шығарумен айналысатын зауыт құрылысы бойынша келіссөздер жүргізудеміз. Қазіргі кезде ет өңдеу зауыттары мен бордақылау алаңдарын салу үшін Қазақстанға инвестиция салуға дайын ірі мал шаруашылығы компанияларымен, ірі ет өндірушілермен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз.
Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/325719-500-mln-gotov-vlozhit-vsemirnyj-bank-v-razvitie-myasnogo-zhivotnovodstva-v-rk
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz