• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның барлық аймақтарында шетелдік инвесторларға арналған фронт-офистар ашылады.

Қазақстанның барлық аймақтарында шетелдік инвесторларға арналған фронт-офистарды құру бойынша жұмыстарды шілденің соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

Қазіргі уақытта  рұқсат құжаттарын беруге жауапты органдардың барлығы жинақталған мұндай орталықтар кейбір қалалар мен облыстарда ғана бар.    

Ермек Көшербаев, ҚР сыртқы істер министрі:

- Біз атап көрсеткен үш деңгейлі сала болу қажет, яғни шетелдік мекеме - орталық - аймақ, әсіресе, инвесторлар аймаққа келген кезде. Егер аймақта проблемалар шешілмесе, жобаларды іске асыру күмән тудырады. Сол себепті, біз  фронт-офистардың тиісті жұмыс істеу тәртібін  әзірледік, қазір біз бұны аймақтарға талқылау үшін жібердік.  Бұл құжаттың мәні сол, инвестор бір терезеге келуі тиіс және оған өз жобасын іске асыруға қажетті көмектің барлығы көрсетіледі. 

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/323567-front-ofisy-dlya-inostrannykh-investorov-poyavyatsya-vo-vsekh-regionakh-kazakhstana