• Мобильді үстемені жүктеу

Ірі жапондық корпорацияларының өкілдері Қазақстанға келмекші

Қазақстанның инвестициялық ахуалын зерттеу және нақты бизнес-жобаларды талқылау. Осындай мақсатпен ірі жапондық корпорациялардың өкілдері біздің елге келуге ниет білдірді,- деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Сапар барысында олар тек болашақ серіктестермен кездесіп қана қоймай, қазақстандық экономиканың қай салалары жоғары әлеуетке ие екендігі туралы сұраққа жауап алады.

Қазақстанның шетелдік инвестициялар құрылымындағы жапондық капиталдың үлесі бүгінгі күні өте қомақты – тек өткен жылдың ішінде 400 млн. АҚШ долларынан артады. Ең тартымдысы - шикізат секторы болып табылады. Бұл түсінікті, өйткені Жапонияның өзінде минералды ресурстар мен пайдалы қазбалар жоқ. Бірақ қазір ірі корпорациялар тау-кен өндіру саласына ғана емес, жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіруге де қаржы жұмсауға дайын.

Ерлан Баударбек-Кожатаев, Жапониядағы Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:

- Елшілік өнеркәсіптік секторға инвестицияларды тартуға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта осы айдың аяғында біз «Showa Industries», «Metal One», «Metal One Steel Products» секілді жоғары технологиялық компанияларға бизнес-миссияларды жібереміз. Осы компаниялардың басшылығы Қазақстанның инвестициялық ахуалын зерттеу үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Атырау қалаларына барады.

Қазақстанды тартымды ететін жағдайлардың бірі,- бұл, әрине, транзиттік әлеует пен әлемнің логистикалық картасында тиімді орналасуы болып табылады. Сонымен қатар, технологиялармен бөлісуге ниет білдірген компаниялар үшін арнайы жеңілдіктер мен салық жеңілдіктері.

Нобуо Яги, «Metal One» компаниясының президенті:

- Біздің компаниялар болат және металл бұйымдарын сатумен айналысады. Болат конструкцияларын шығаратын біздің әріптесіміз қазір Қазақстанда жұмыс істеп жатыр және қызметті кеңейту туралы мәселе тұр. Біз үшін қазақстандық нарық жаңа. Сондықтан, алдағы сапар барысында біз инвестициялық климат туралы егжей-тегжейлі білгіміз келеді.

Әлемдік экономиканың құлдырауына қарамастан, екі жақты ынтымақтастық, керісінше, артып отыр. Бұл статистикамен расталады. Көрсеткіштер бойынша 2018 жыл рекордтық жыл болды. Біздің елдер арасындағы тауар айналымы 2 млрд. долларды құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 54% артық. Бұдан басқа, соңғы бес жылда қазақстандық экспорт екі есеге өсті және бүгінгі күні олар жапондық импортқа қарағанда артық. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет отандық компаниялар Жапонияға мақсары майы мен табиғи балды жеткізе бастады.

Автор: Айгерим Уразалиева

Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/321860-v-kazakhstan-priedut-predstaviteli-krupnykh-yaponskikh-korporatsij
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz