• Мобильді үстемені жүктеу

KAZAKH INVEST Халықаралық Конгресте ТКМ саласында инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды

«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ (KAZAKHINVEST) өкілі Алмас Агибаев цифрландыру және саланың инвестициялық мүмкіндіктері мәселелеріне арналған «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінің инвестициялық сессиясы кезінде Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы (ТКМ) инвестициялық мүмкіндіктерімен  таныстырды.

«KAZAKHINVEST, шетелде және республиканың өңірлерінде өкілдіктерінің үлкен желісі бар, идеялардан іске асыруға дейін және инвестициялық кезеңнен кейін де инвестициялық жобаларға қолдау көрсету бойынша қызметтердің толық кешенін қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда KAZAKHINVEST ТКМ саласында жалпы сомасы $9,7 млрд-қа 25-тен астам жобаны бақылайды. Оның ішінде жүзеге асырылып отырған 10 жоба бойынша ($ 2,3 млрд) құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) жүргізілуде және құжаттама әзірленуде. 15 жоба ($ 7,4 млрд.) талдау кезеңінде, олар бойынша әлеуетті инвесторлар тарапынан келіссөздер мен кешенді сараптама жүргізіліп жатыр», - деді Алмас Агибаев.

Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар, KAZAKHINVEST ТКМ саласында әлеуетті әлемдік қатысушылар үшін  жаңа перспективалық тауашаларды іздеу және анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді. Инвестициялық ұсыныстарды ілгері жылжыту мақсатында, KAZAKHINVEST халықаралық консалтингтік компаниялармен бірлесіп, халықаралық стандарттар бойынша тауашалық жобаларды «жинақтаумен», оның ішінде жобаны іске асырудың толық бизнес-жоспарын дайындаумен айналысады.

«Егер ТКМ жобалары туралы айтатын болсақ, өткен жылы жинақталған 60 жобаның ішіндегі 20-сы – бұл ТКМ жобалары, олардың көбі - металдарды өндіру және қайта өңдеу бойынша шағын жобалар болып табылады, олар тау-кен жұмыстарын бастауға қосымша зерттеулер жүргізуді талап етеді. Біз бұл жобаларды KAZAKHINVEST және Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған барлық шетелдік іс-шараларда белсенді түрде ілгері жылжытудамыз. Әлеуетті инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Бірқатар жобалар бойынша әлеуетті инвесторларды қазақстандық жобалар бастамашыларымен кездестірдік. Белсенді келіссөздер жүргізу жалғасуда», - деп хабарлады Алмас Агибаев.

Қазақстанда ТКМ-на инвестиция тарту үшін үлкен резервтер бар. Алмас Агибаевтың пікірінше, тартымды жерлер, мысалы, Қоскөл, Союзное, Бақалы адыр секілді келешегі мол мыс учаскелерін дамыту бойынша жобалар, сондай-ақ жаңа кен орындарын игерумен байланысты алюминийді әлемдік тұтыну көлемінің артуымен және алтын өндірісін елеулі ұлғайтуға байланысты бастапқы алюминий бойынша Қазақстанның өндірістік әлеуетін кеңейту бойынша жобалар болуы мүмкін. «Қазақстанда болжамды алтын ресурстары 9,5 мың тоннаға бағаланады. Бағалаулар бойынша, құрамында алтын бар кендерді өндіру және қайта өңдеу бойынша жобаларға инвестициялар тартудың қосымша әлеуеті $10 миллиардтан басталуы мүмкін», - деп мәлімдеді Алмас Агибаев.

Өсу әлеуеті жоғары секторлардың бірі сирек және сирек жер металдарды өндіру және өңдеу болып табылады. Спикер «сирек металдарды өндіру перспективалары тұрғысынан алғанда, Қарағанды облысында (Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты) әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарына үлкен қызығушылық танытылып отыр, ол 1 миллиард долларға дейін қаржы тартуға мүмкіндік береді және Қазақстанға аммоний паравольфраматы бойынша әлемдегі жетекші ойыншылардың біріне айналуы мүмкін деп хабарлады. Тағы бір перспективалық жоба - Қызылорда облысындағы құрамында ванадий кені бар Бала-Саусқандық ірі кен орындарын игеру, ол ванадий пентаоксидін және ванадий концентраттарын өндірумен ванадий концентратын қайта өңдеу зауытының құрылысын қарастырады. Біз сондай-ақ әлемдік баға конъюнктурасын жақсартуды болжауға байланысты литийге жеке қызығушылықты байқадық».

KAZAKHINVEST ТКМ саласында перспективалық инвестициялық жобаларды анықтау және оларды іске асыруға инвесторларды тарту бойынша өз қызметін жалғастыруда.

 

KAZAKHINVEST Қазақстандағы тау-кен өндірісі мен өңдеу өнеркәсібінің өзекті мәселелерін талқылау үшін орталық алаң болып табылатын AMM Конгресінің ресми серіктесі болып табылады. Жыл сайын 60-тан астам әлемдік сарапшылар, солардың ішінде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, әлемге әйгілі ғалымдар, ірі компаниялардың бас атқарушы директорлары (СЕО) делегаттармен тау-кен металлургия саласының негізгі мәселелерін және АММ алаңында даму перспективаларын талқылайды.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-investitsionnye-vozmozhnosti-v-otrasli-gmk-na-mezhdunarodnom-kongresse/