• Мобильді үстемені жүктеу

KazakhInvest ПМЭФ-2019 форумында Қазақстанның инвестициялқ мүмкіндіктерімен таныстырды

Қазақстан делегациясы Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен өтетін экономикалық іс-шара барысында «Казахинвест» ҰК» АҚ өкілдері Ресейдің жетекші компанияларымен және ұйымдарымен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Так, в ходе переговоров с холдингом "ВИС Групп" были обсуждены возможности сотрудничества в сфере инфраструктуры. Компанией создано свыше 70 крупных объектов 

Осылайша, «ВИС Групп» холдингімен келіссөздер барысында инфрақұрылым саласында ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Компания Ресей мен Еуропаның 23 қаласында 70-ден астам ірі энергетикалық, өнеркәсіптік, көлік, әлеуметтік және мұнай-газ инфрақұрылымы объектілерін құрды.

Сондай-ақ, құс еті, шошқа еті және жемшөп өндіретін ірі өндіруші және өңдеуші болып табылатын Ресейдің «Группа Черкизово» ӨАҚ азық-түлік компаниясының өкілімен кездесулер өткізілді. Шетел тарапы АӨК өнімдерін ЕАЭО және Қытай елдерінің нарығына шығарудың экспорттық әлеуетінің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындылары бойынша құс еті мен шошқа еті өндірісі саласында нақты жобалар бойынша келіссөздер жүргізілді.

Жоғары технологиялық жылыжай кешендер құрылысымен айналысатын жапондық «United Managers Japan» компаниясымен келіссөздер қорытындылары бойынша инвесторлар бастапқы кезеңде аумағы 10 гектарға дейінгі жылыжай шаруашылығын салуға дайындығын білдірді. Жоба ойдағыдай іске асырылған және өтім нарығын ретке келтірген жағдайда компания өзінің қатысуын кеңейтуге дайын. 2019 жылы Қазақстанда көкөніс шаруашылығы саласында ауқымды жобаларды іске асыру басталады. Ресейлік «ЭКО-Культура» компаниясы Қазақстанда құны 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын, 500 гектарлық ең ірі жылыжай кешенін салуды жоспарлап отыр. Ал түрік инвесторлары құны 200 млн. доллар тұратын 200 гектарлық жылыжай салуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастырушылар - Росконгресс қорымен іскерлік қарым-қатынастарды нығайту маңызды болып отыр. Қор Ресейдегі конгрестік-көрме іс-шараларын ұйымдастыру бойынша ірі компаниялардың бірі болып табылады. Келісімдер меморандуммен бекітілді, оның аясында тараптар өзара негізде ірі инвестициялық іс-шараларды өткізу туралы ақпарат алмасуға және олардың ұйымдастырылуына және қатысуына қолдау көрсетуге келісті.

Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқанын айта кету керек. Форум өткен жылдар ішінде іскерлік топтардың өкілдерінің кездесулері үшін және дамушы нарықтар мен жалпы әлемнің алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелерді талқылауға арналған әлемдік алаңға айналды. Сондай-ақ, биылғы жылы ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, әлемнің 143 елінен 17 мыңнан астам қатысушысы ПХЭФ-на қатысты.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-investvozmozhnosti-kazakhstana-na-pmef-2019/