• Мобильді үстемені жүктеу

KazakhInvest «Азияның болашағы» (The Future of Asia) 25-ші халықаралық конференциясында Қазақстанның мүмкіндіктерімен таныстырды

Қазақстан делегациясы Жапонияның Токио қаласында өтетін «Азияның болашағы» (The Future of Asia) атты 25-ші халықаралық конференцияға қатысты. Форум аясында ерекше тапсырмалар бойынша елшілерден тұратын қазақстандық делегация Ерлан Хаиров пен Батырхан Құрмансеит, сондай-ақ «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдері Жапонияның жетекші технологиялық компанияларымен және ұйымдарымен бірқатар келіссөздер жүргізді.

Toyota Tsusho компаниясымен кездесу барысында АӨК саласында ынтымақтастық мүмкіндіктері және Жапонияға өнімдерді экспорттау мүмкіндігімен жобаларды құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, инвесторлар жапондық кеспенің танымал ингредиенті болып табылатын қазақстандық қарақұмықты импорттауға қызығушылық білдірді. Сонымен қатар, шетелдік кәсіпкерлер Қазақстанда 5G технологиясын енгізуге қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, «KazakhInvest» ҰК» АҚ өкілдері мұнай, газ және металл бойынша «JOGMEC» Жапондық ұлттық корпорациясын сирек кездесетін металдарды, соның ішінде никель мен кобальт өндіру саласындағы жобалар туралы хабардар етті. Өз кезегінде, инвесторлар уран мен вольфрам өндіру бойынша жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Бүкіл әлем бойынша тасымалдау саласында жобаларды жүзеге асыруда 50 жылдан астам тәжірибесі бар «Sojitz» ұлтаралық компаниясымен келіссөздер қорытындылары бойынша инвесторлар теміржолдарға арналған контейнерлер мен шпалдар өндірісі бойынша жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан аумағында логистикалық хаб құру туралы ниет білдірді. Сондай-ақ, оларды аграрлық және тамақ өнеркәсібінде, мұнай химиясында, IТ саласындағы жобаларға қызығушылық танытты.

Бұдан басқа, жапондық «Jetro» компаниясымен кездесу барысында осы жылдың қыркүйегінде жапондық компаниялардың қатысуымен инвестициялық форум ұйымдастыруға көмек көрсету туралы келісімдерге қол жеткізілді.

 «Азияның болашағы» 25-ші халықаралық конференциясы (The Future of Asia) - NIKKEI (Financial Times) ұйымдастырған жыл сайынғы экономикалық оқиға. Іс-шара Азия өңіріндегі саяси көшбасшылар мен ықпалды кәсіпкерлерді жинайды. Биылғы конференцияның күн тәртібіне өңірді одан әрі дамыту, соның ішінде экспорт, инвестиция және стартап-жобаларды жүзеге асыру мәселелері кіреді.

  https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/kazakh-invest-prezentoval-investvozmozhnosti-kazakhstana-na-25-mezhdunarodnoy-konferentsii-budushche/