• Мобильді үстемені жүктеу

Инвесторлар Қазақстанда күн панельдері өндірісін қаржыландырады

Қытай, Франция және Ресей инвесторлары «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясымен бірге Қазақстанда күн панельдерін шығару бойынша кластер салу үшін консорциум құрды. Бұл туралы LS KAZAKHINVEST Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев айтты.
Тұяқбаев бүгінде әлемдегі күн панельдеріне деген сұраныс тез қарқынмен өсіп келе жатқанын және олардың құны төмендегенін айтып өтті.

Тұяқбаев бүгінде әлемдегі күн панельдеріне деген сұраныс тез қарқынмен өсіп келе жатқанын және олардың құны төмендегенін айтып өтті.
«Біз бір жоба - кремний өндірісі бойынша келіссөздер жүргіздік. Алдымен техникалық, содан кейін күн панельдеріне кремний. Біз Франциядан, Қытайдан, Ресейден инвесторларды тарттық. Бұл компаниялар «Қазатомөнеркәсіп» компаниясымен бірге консорциум құрып, осы кластерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні кластердің негізгі бөлігі дайын болып қалды, бірақ өзіндік құнның және бәсекеге қабілеттіліктің төмендеуі жөніндегі мәселелерді шешу қажет», - деді ол.
Әңгімелесуші бүгінгі күні әлемдегі ең арзан күн панельдерінің – қытайлық екендігін, бағасы бойынша олармен тіпті еуропалық елдердің өзі де бәсекелесе алмайды деп түсіндірді.
«Сондықтан, біз жобаға қатысу үшін қытайлық ірі өндірушілердің бірін тарттық. Сондай-ақ, ең жаңа технологиялық әзірлемелерге ие француз инвесторын және РФ нарығына әсері бар ресейлік инвесторды тарттық. Кластерді 2020 жылы іске қосамыз», - деді ұлттық компания басшысы.
Ол Қазақстанда осындай ауқымды жобаға жақсы жағдайлар жасалған деп түсіндірді.
«Алдымен, күн панелінің өзін емес, оның негізін шығаруымыз мүмкін. Бұдан әрі: шығарылған өнім экспортталуға жіберілетін болады деп күтілуде. Біз Өзбекстан нарығын қарастырудамыз, онда электр энергиясының жетіспеушілігі байқалады және ол өсіп келеді. Сонымен қатар, оларда күннің мөлшері көп, менің ойымша, олар біздің әлеуетті клиенттеріміз бола алады. Араб елдері де қазір жаппай күн станцияларына көшуде», - деп жалғастырды Тұяқбаев.
Оның айтуынша, барлық әлемдік болжамдар болашақ 10-15 жылда адамзат айтарлықтай дәрежеде баламалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіруге ауысатындығын көрсетеді. Дегенмен, өндірілген энергияны сақтау мәселесін шешу қажет.
«Қазір бүкіл әлем тиімді қоймалар іздеуде, әрқайсысының әр түрлі тәсілдері мен технологиялық шешімдері бар. Бүкіл әлем энергияның баламалы көздерін дамытады, бұл үлкен әлеуетке ие. Біз осы жобада жұмыс істегенімізге бір жыл және үлкен сұраныстан үміттенеміз», - деп мәлімдеді ұлттық компания өкілі.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/investory-profinansiruyut-proizvodstvo-solnechnykh-paneley-v-kazakhstane-istochnik-https-lsm-kz-klas/