• Мобильді үстемені жүктеу

Түркітілдес мемлекеттердің Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына қол қойылды

Астана экономикалық форумы аясында түркітілдес мемлекеттердің Сауда-өнеркәсіптік палатасының жарғысына қол қойылды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігінің тілшісі.

Іс-шараға Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин, Әзірбайжан және Қырғызстан Сауда-өнеркәсіптік палаталарының өкілдері қатысты.

Іс-шара қарсаңында жаңа бірлестік құрылған болатын. Бұл түркі мемлекеттері нарығындағы қаржы көрсеткіштерін арттыруға және экономикалық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Палатаның штаб-пәтері Стамбулда болады. Онда Қазақстанның, Түркияның, Әзербайжанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның өкілдері жұмыс істейді.

Нұралы Букейханов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасының орынбасары:

- Біріншіден, бұл инвестиция, сауда және технологияны дамытуға жақсы серпін береді. Бізде дайын өнімдерді өндіру, соның ішінде елдер арасындағы өндірісті дамыту жоспарда бар. Бұл Қытай, Ресей және Үндістанның ірі нарықтарына қол жеткізе алатын түркітілдес мемлекеттер кәсіпкерлерінің қоғамдастығы.


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/315658-podpisan-ustav-torgovo-promyshlennoj-palaty-tyurkoyazychnykh-stran
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz