KAZAKH INVEST «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойды
Пекиндегі (ҚХР) «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумы барысында «KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ көлік, логистика, сауда және ауыл шаруашылығы салаларындағы келісімдерге қол қойды.
«Shanghai Ace Investment & Development Co. Ltd.» компаниясымен бірлескен құжат көлік, логистика және сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Қытайлық тарап «Морпорт-Ақтау» СЭА аумағында көлік-логистикалық база құруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруда, оның құрамына жабдықтау базасын, құрастыру және жиынтықтау бойынша шеберханалар салу, контейнерлік терминал, көрме және тренинг орталықтарының құрылысы кіреді. 200 миллион долларға жуық жоба 500-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Компоненттік бөліктерді Әзірбайжанның, Ресейдің, Түркменстанның және Иранның шетелдік нарықтарына экспорттау жоспарлануда.
«Морпорт-Ақтау» СЭА және қала үшін бұл жоба өзінің нарығын әртараптандыруға мүмкіндік бермек және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін береді.
«CITIC Construction» корпорациясымен келісім аясында жер суландыру жүйелерін дамытуды қарастырылады. Тараптар 2018 жылы бекітілген 2028 жылға дейін Суармалы жерлерді игеру жоспары аясында осы бағытта ынтымақтастықты дамытудың өзектілігі мен әлеуетін атап өтті.
«KAZAKHINVEST» ҰК» АҚ инвесторлар үшін «бір терезе» бола тұра, жәрдемдесудің қажетті шараларын ұсынады. Атап айтқанда, қолдау көрсету – бұл жұмыс бастауға болатын жергілікті әріптесті анықтауға, салалық мемлекеттік органдармен диалог орнатуға, салық және инвестициялық преференциялар алуға мүмкіндік береді.