Shell күн электр станциясының құрылыс жобасын дайындауда
Royal Dutch Shell концерні Қазақстан аумағындағы жобаларды жүзеге асыруға одан әрі қатысуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминмен кездесуде «Халықаралық барлау және өндіру» компаниясы бөлімшесінің директоры Эндрю Браун мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Тараптар Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игеру бойынша бірлескен іс-шаралар, «Жемчужина» учаскесінде «Қаламқас» және «Хазар» ұңғымаларын игеруге қатысу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, компания үшін баламалы энергия көздерін дамыту - болашағы бар бағыт болып табылады. Royal Dutch Shell компаниясы Таразда күн электр станциясы құрылысының жобасын талқылауда.
Үкімет басшысы Асқар Мамин компанияның ірі инвесторлардың қатарына кіретінін атап өтті. Бүгінгі таңда елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету және инвесторлардың құқықтарын қорғау механизмдерін нығайту бойынша шаралар күшейтілуде.
Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимыл салаларын кеңейту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы ниеттерін білдірді.
https://kapital.kz/economic/77745/shell-gotovit-proekt-stroitelstva-solnechnoj-elektrostancii.html