• Мобильді үстемені жүктеу

Үнді бизнесмендері Қазақстандық инвестициялық жобалармен танысты

Басыс Бенгалия үнді штатының астанасы - Кольката қаласында Қазақстан-Үндістан инвестициялық форумы болып өтті. Іс-шараны Үндістан Республикасындағы Қазақстан Елшілігі Колькатаның Merchant'ChamberofCommerce & Industry (MCCI) Сауда-өнеркәсіп палатасымен және «KazakhInvest» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Үндістанның Машина жасау экспортын ілгері жылжыту жөніндегі кеңестің өкілдері, Үнді экспорттау ұйымдарының федерациясы, сарапшылар мен академиялық топтар, сондай-ақ 50-ден астам ірі үнді компанияларының (Indiapower, RUPACompanyLimited, JGChemicals, KKGroup, MultiwynGroup және т.б.) басшылары қатысты.

Форум қатысушыларына Қазақстанда бизнес жүргізу мүмкіндіктері туралы, шетелдік инвестицияларды тарту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету, оның шарттары және бәсекелестік артықшылықтар туралы толық ақпарат ұсынылды. «KazakhInvest» ҰК» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Марат Биримжан Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы және елдегі бизнес-жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып, бірқатар басым инвестициялық жобалар туралы хабардар етті және үнділік компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

«Біздің елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келеді. Қазақстан қысқа мерзім ішінде жасаған ауқымды өзгерістерді жоғары бағалаймын. Қазақстан бизнесті жүргізу үшін ашық және тартымды елге айналды, сондай-ақ қолайлы инвестициялық ахуалымен», - деп мәлімдеді MCCI Президенті Вишал Джаджария.

Үндістандық бизнесмендер «KazakhInvest» және «Самұрық-Қазына» компанияларының машина жасау, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларындағы жобаларына ерекше қызығушылық танытты.

Форум барысында үнді әріптестермен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізілді. Көптеген жобаларды бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, ShimkentTemir компаниясының өкілі үндістандық серіктестерімен тікелей қалпына келтірілетін темір өндірісіне арналған жабдықты сатып алу бойынша кездесу өткізді.

Бұдан басқа, қазақстандық делегация өндірілген болаттың көлемі бойынша әлемдегі ең ірі болат өндірушілердің бірі Tata Steel құрыш құю компаниясының өкілдерімен металлургия және металл өнімдерін өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселері жөнінде келіссөздер жүргізді.

Бұрын Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігінде Қазақстан мен Үндістанның іскерлік топтарының кездесулерін болып өткен, оның аясында қазақстандық делегация үнді кәсіпкерлерімен бірқатар кездесулер өткізген.

Тараптар энергетика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым және қаржы саласындағы бірқатар жобаларды, сондай-ақ «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін талқылады.

Атап айтқанда, Үндістанның NTPC Limited ең ірі энергетикалық конгломератымен, Үндістанның Инвестициялық қорымен, Millennial IndiaInternational сауда-өнеркәсіптік палатасымен және Қазақстан аумағында аз габаритті тракторлар шығаруға қызығушылық танытқан Үндістанның ең ірі ауылшаруашылық техникасын шығарумен айналысатын Mahindra компаниясымен келіссөздер болып өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Үндістан ғарыш, әскери-техникалық ынтымақтастық, IT, Fintech, мұнай және газ, банк және т.б. сияқты кең ауқымды салаларда жемісті өзара табысты бірлесіп жұмыс істеп жатқанын атап өту керек. Сонымен қатар, Қазақстан Үндістанға уранды негізгі жеткізуші болып табылады. Қазіргі Қазақстан-Үндістан сауда айналымы 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/indiyskim-biznesmenam-prezentovali-kazakhstanskie-investproekty/