• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Польшаның жетекші кәсіпкерлеріне таныстырылды

Польшаның жетекші кәсіпкерлері Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Варшавада біздің елшіліктің қолдауымен бизнес-форум өтіп, онда делегация мүшелері Қазақстан, қолдау шаралары және бірлескен ынтымақтастық үшін басымды салалармен танысты.

Бұл залда табысты кәсіпкерлерді, ірі фирмалардың директорлары мен инвесторларды біріктіретін Польшалық бизнес-клуб кеңесінің мүшелері жиналды. Қазақстанмен жұмыс жасауға мүдделі 40 жуық компанияның басшылары еліміз туралы ақпарат білуге келді. Поляктар үшін Қазақстанға инвестиция жұмсау не себепті тиімді? Бұл сұрақтың жауабы – Қазақстанның  жеңілдетілген визалық жүйеден бастап салық жеңілдіктеріне дейінгі көпшілік артықшылықтар, оның үстіне, бизнес жүргізу үшін тиімді мүмкіндіктер ұсынатын, өңірдегі жетекші экономикалардың бірі болуында. Осының барлығы – польшалық кәсіпкерлер Қазақстанға ұзағынан келуі үшін.

«KAZAKH INVEST» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев:

- Бірлескен кәсіпорын және бірлескен инвестициялар құру мүмкіндігі бар. Бұл кезеңде осыны польшалық инвесторлар растайды. Менің ойымша, кем дегенде 5-6 уағдаластыққа шығатын боламыз. 15 мамырда Астанада Премьер*-Министр өткізетін халықаралық инвестициялық форум өтеді және сол жерде нақты уағдаластықтарға қол қойылады.

Кәсіпкер Яцек Швайцовский:

-  Маған Қазақстанның инвестициялар және даму үшін ашық екені ұнайды. Мен үшін құқықтық мүмкіндіктер мен бизнесті қорғау туралы ақпарат қызықты болды. Польшада ауыл шаруашылық, химия және фармацевтика салалары мықты дамыған, бұл тығыз ынтымақтастық орнатуға болатын салалар. Әріптестерімнің көбісі Қазақстанға инвестиция салуды ойлап жүргенін атағым келеді.

Польшада «Астана» Халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктері де таныстырылды. Біздің делегацияның мүшелері орталықтың жұмысы мен оның артықшылықтары жайлы жан-жақты түсіндіріп берді. Польшаның іскерлік топтары арасында АХҚО келешегі бар жоба деп атайды және ұсыныс жасауды бастауда.

ҚР Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан:

 - АЭФ шеңберінде инвестициялық экономикалық форумға қатысу бойынша Польша тарапынан нақты ұсыныстар бар. Электрондық ақша, блокчейндер бойынша жақсы технологиялық шешімі бар ірі компания бар. Бұл ноу-хау және біздің экономика сегменті үшін қызықты болады деп ойлаймын. Міндетіміз – Қазақстанға инвестиция тарту, қазақстандық экспортты қолдау. Қазақстаннан зығырды импорттау үлкен қызығушылық тудыруда.

Кейінгі ынтымақтастықты кәсіпкерлер бірден талқылауды шешті. Форумнан кейін битуби форматындағы кездесулер өтіп, польшалық кәсіпкерлер Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының жобаларымен жете таныса алды.

Кәсіпкер Әлімжан Ахметов:

- Біздің компания Түркістан облысында орналасқан. 1200 бас малымыз бар. Біздің сиырлар Канададан және Еуропадан әкелінген. Қазір ары қарай дамуды және сүт өңдеу зауытын салуды жоспарладық. Сол себепті біздің басты мақсатымыз – ортақ бизнес үшін серіктесті табу.

Еуроодақтың алтыншы экономикасымен Қазақстан логистика және фармацевтика салаларында белсенді қызмет  етуде. Қос тараптың машина жасау, ауыл шаруашылығы және құрылыс материалдарын өндіруге қызығушылығы бар. Осы бағытта бірлескен жобалар да белгіленген. Варшава мен Краков бизнесмендері Қазақстан аймақтарына іскерлік сапармен аттанбақ.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/300575-investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana-predstavili-vedushchim-polskim-biznesmenam
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz