• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстанда жағымды инвестклимат құрылған - сарапшы

Қазақстандағы жаңа инвестициялық технологияларды дамыту үшін жағдайлар бельгиялық кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырды.

Олардың айтуынша, елде жағымжы инвестклимат құрылған. Қазақстанда бизнес жүргізу барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және Дүниежүзілік банктің рейтингтеріне сәйкес әлемнің отыз елдері қатарына кіреді.

Медициналық компанияның менеджері Йохан Фоке:

- Сіздердің елдегі инвестициялық климат біз үшін мінсіз. Компаниялардың Қазақстанда бизнес жүргізуіне кедергі жасайтын себеп жоқ, барлығы бірқалыпты өтуде. біз Астанадағы, Алматыдағы, Ақтөбедегі, Семейдегі және Өскемендегі алты онкологиялық орталықта инновациялар мен жаңа технологияларды дамыту бойынша жергілікті компаниялармен қызмет етеміз, бұл тізімге Павлодар қаласын да қосуды жоспарлаудамыз. Бұл орталықтардың медицина қызметкерлеріне оқыту жүргіземіз. Бұл Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамалаған «Саncer-care» мемлекеттік онкологиялық бағдарламасының маңызды аспектісі деп санаймыз және осы бағдарламаны жүзеге асыруда маңызды қызмет атқарамыз.

Медициналық қалдықтарды пайдаға асыру бойынша компанияның директоры Оливье Дюфрасн:

- Біздің мамандануымыз – медициналық қалдықтарды пайдаға асыру. Біз үшін бұл проблема әлемнің кез келген басқа еліндегідей. Қазақстанға жаңа технологияларды енгізу туралы дұрыс шешім қабылдадық деп санаймыз. Себебі елдегі бизнес-климат біздің компаниямыз үшін өте жағымды. Қазақстан – біздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесіміз.

Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/299359-v-kazakhstane-sozdan-blagopriyatnyj-investklimat-ekspert
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz