• Мобильді үстемені жүктеу

Брюссельде Қазақстан мен Бельгия арасындағы инвестициялық ынтымақтастық талқыланды

Біздің экономиканың әр түрлі салаларында корольдіктің 70-тен астам компаниялары жұмыс істеп тұр деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көлік-логистикалық инфрақұрылым, құрылыс материалдары және медициналық жабдықтар өндірісі.

Тек соңғы 10 жылдан артық уақыт ішінде Бельгияның Қазақстанға жұмсаған инвестициялар көлемі 7 миллиард АҚШ долларынан асқан. Ал екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 41%-ға өсіп, америкалық валютада 374 миллионнан артық соманы құрады. Қазақстаннан Бельгияға экспорт шамамен екі есеге ұлғайған, ал импорт – бестен екіге артты.

Бельгиядағы Қазақстан елшісі Айгүл Құспан бизнесмендерге біздің еліміздің негізгі экономикалық жетістіктері мен инвестициялық көрсеткіштері туралы баяндады. Сондай-ақ көлік-логистика саласындағы зор мүмкіндіктерді және Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына қолжетімділікті ескере отырып, кәсіпкерлерді бірлескен кәсіпорындар құруға шақырды. Инвестициялар және сауда миссиясы және Қазақстан мен Қырғызстандағы Бельгия сауда миссиясы жөніндегі Валлония агенттігінің қолдауымен бельгиялық бизнесмендер мен инвесторлар биыл маусым айында Қазақстанға келіп қайтатын болады.

Айнұр Тумышева, «Кazakhinvest» ҰК менеджері:

- Қазір біз бельгиялық компаниялардың қызығушылығын тудыру үшін Қазақстанның инвестициялық ахуалы мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат таратуға ден қойып отырмыз. Біз еліміздің заңнамасы, жеңілдіктер, шарттары, сондай-ақ нақты жобалар туралы баяндаймыз. Ұлттық Банктің мәліметіне сүйенсек, бельгиялық инвестицияларды тарту және Қазақстан мен Бельгия арасындағы сауда жыл сайын артып келеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш, өсім жыл сайын 20%-ды құрап отыр.

Шанталь Де Блё, AWEX бас директоры:

Қазақстанмен ынтымақтастық күшейіп, бельгиялық компаниялардың қызығушылығы артуда. Бірақ, қазір біз жаңа технологиялар, медицина және қоршаған ортаны қорғау саласында басқа да мүмкіндіктердің мол екенін көріп отырмыз. Бірқатар тауашалы компаниялар өз тауарларын экспорттап қана қоймай, жаңа жаңалықтар енгізіп, жергілікті мамандарды оқытып, технологиялармен бөлісуге әзір. ЕАЭО нарығының ашылуы екі себеп бойынша Қазақстандағы бельгиялық компаниялардың жұмысын жеңілдетіп отыр. Біріншісі –өнімді бірыңғай сертификаттау. Осы уақытқа дейін компаниялар өнімді әр елде жеке сертификаттаудан өткізуі қажет болған. Екіншісі – Қазақстан мен Ресейде, сондай-ақ басқа да көршілес елдерде еуразиялық нарықтың зор әлеуетінің болуы.


Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/298363-investitsionnoe-sotrudnichestvo-kazakhstana-i-belgii-obsudili-v-bryussele
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz