• Мобильді үстемені жүктеу

Қазақстан делегациясының Үндістанға сапары барысында екі жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды

Үнді компаниялары Қазақстандағы күн электр және көмір станцияларының құрылысына қатысады. Сәйкес меморандумға «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы мен Үндістанның NTPC Limited ірі энергетикалық конгломераты арасында Қазақстан делегациясының Үндістанға ресми сапары шеңберінде қол қойылды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың басшылығындағы делегаттар жаңғыртылатын энергия көздеріне, пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі технологияларға арналған PETROTECH-2019 ірі халықаралық конференциясына қатысты.

Министр Бозымбаев «Энергияға қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған ынтымақтастық» сессиясының барысында сөз сөйлеп, Қазақстанның энергетикалық әлеуеті, елде жүргізіліп жатқан энергетика саласын жаңғырту жайлы әңгімеледі және халықаралық инвесторларды бұл саладағы ҚР-мен ынтымақтастыққа шақырды.

Одан басқа, энергетикалық ведомство басшысы Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Дармендра Прадханмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарын, қазақстандық және үндістандық компаниялардың мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру саласындағы өзара әрекеттесуінің болашағын талқыға салды.

Үндістанның Коммерция департаментінің Арнайы хатшысы Н.Сивасайламмен келіссөздер шеңберінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, көлік ағындарын біріктірудің артықшылықтары, сонымен қатар, екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланудың экономикалық пайдасы талқыланды. Қазақстан тарапының жүктерді Орталық Азия – Үндістан бағыты бойынша тасымалдау үшін Чабахар кемежайы бар Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жол бағытын қосуға мүмкіндік беретін ұсынысының өзектілігі атап өтілді.

Сонымен бірге, Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаев және Елші Б.Сәрсенбаев Үндістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары П. Саранмен кездесті. Тараптар биылғы жылдың наурыз айында Қазақстан мен Үндістанның Қауіпсіздік кеңесінің 3-ші отырысын жоғары деңгейде өткізуге келісті.

 https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/shirokiy-spektr-voprosov-dvustoronnego-sotrudnichestva-obsuzhden-v-khode-vizita-kazakhstanskoy-deleg/