Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Францияда таныстырылды
Нормандияның кәсіпкерлеріне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Сенатор Натали Гуленің шақыруымен Қазақстанның Франциядағы елшілігінің делегациясы өңірге сапар жасап, бір қатар бизнес-кездесу өткізді деп хабарлайды «Хабар 24» хатшысы.
Тоқтау орындарының бірі - бүкіл әлемге сырымен әйгілі Камамбэр болды. Жергілікті өндірушілер күндердің күнінде бұл француз деликатесін Қазақстанда да өндіре бастайтынын жоққа шығармайды.
Көне сыр кәсіпорнына әрбіреу кіре алмайды, алайда, қазақстандық дипломаттарды мұнда күлімсірей қарсы алды. Камамбер өндіретін отбасылық зауыттың басшылығы өз өнімі мен өндірісін таныстырып, Қазақстанның сүт нарығының жағдайына қатысты қызығушылық танытуда.
Сыр өндіру жөніндегі зауыттың экспорт бойынша директоры Шарлотт Флешар:
- Қытайда сүт өнімін, оның ішінде, камамберді тұтыну жылдан жылға өсіп келе жатқанын білеміз. Қытай нарығы біз үшін өте қызықты. Санитарлық нормалары ресейліктерге ұқсас қазақстандық нарықты біраз танимын. Біздің стратегия – еуропалық нарық сұранысын қанағаттандырып, ары қарай қозғалу.
Зауытта әлі де қол еңбегі кеңінен қолданылады. Бұл камамберді өнеркәсіптік жағдайларда өндірудің фермерлік технологиясын сақтауға мүмкіндік береді.
Әлия Сыздықова, хатшы:
- Салмағы 250 грамнан басталатын камамбер сырының бір дөңгелегін өндіру үшін 2,3 литр сүт қажет. Сүттің фабрикаға түсуінен бастап дайын сырды өндіруге дейінгі өндіріс үдерісі екі аптаға дейін уақыт алады.
Францияда ауыл шаруашылығы мемлекеттің қолдауынан қатты тәуелді. Алайда, біздің елмен салыстырғанда, франциялық өндірушілер арасындағы азық-түлік нарығындағы бәсеке айтарлықтай жоғары. Сапасына қойылатын ең жоғары талап жағдайында шығындарды оңтайландырудың бұл тәжірибесі біздің елге пайдалы болуы мүмкін.
Франция Сенатының депутаты Натали Гуле:
- Мен Орн департаментінің сарапшылары мен кәсіпқойлары жердегі жағдайды бағалап, ынтымақтастықты қалай құруға болатынын түсінуі, мүмкіндігінше, технологияларды жетілдіруге көмектесуі үшін Қазақстанға бара алады деп санаймын. Нормандиялық сыр қайнатушыларда Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенімен биылғы жазда танысуға мүмкіндігі болады. Басқа азық-түлік өндірушілерін тәрізді, оларды біздің дипломаттар Ренн қаласында осы жазда өтетін франко-қазақстандық ауыл шаруашылық форумына шақырды.
Авторлары: Әлия Сыздықова, Бекхан Тепсаев
Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/295641-investitsionnye-vozmozhnosti-kazakhstana-predstavili-vo-frantsii
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz