• Мобильді үстемені жүктеу

300% дейінгі пайданы қазақстандық startup-жобалар түсіреді

Алматыда инвесторларға ТМД-дағы ірі халықаралық акселерация бағдарламасының негізіндегі екі табысты стартап-жоба таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшіс

Бір жылдың ішінде қазақстандық жас ІТ-мамандар блокчейндер, жаңа материалдар, жасанды сана және экономиканың қаржы, машина жасау, құрылыс тәрізді салалары үшін компьютерлік бағдарламалар, сондай-ақ, экология және киберқауіпсіздік бойынша жобалар әзірледі және жасады.

Осы жобалардың бірін енгізген шетелдік компания бір жылдың ішінде 300% пайда түсірді. Осыдан кейін қазақстандық жас стартапшылардың әзірлемелеріне Қазақстанның ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінің мұнай-газ секторының жетекші компаниялары қызығушылық білдіре бастады.

Жастар жылының салтанатты ашылуындағы сөзінде Елбасы Үкіметке ірі кәсіпкерлермен бірлесіп, арнайы Жастар стартаптарын қолдау қорын құруға тапсырма берді. Халықаралық акселерация бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда осы қордың жұмысы үшін айтарлықтай платформа бар.

«Startup kazakhstan» халықаралық акселерация бағдарламасының қатысушысы Жандос Керімқұлов:

– Жоба егістік алаңдарын мониторингтеуге негізделген. Ғарыштан жасалған түсірілімдер жүктеледі, спектрлік сипаттамалары бойынша өңделеді, нәтижесінде өсімдіктің ылғалдылық және денсаулық индексі түріндегі нәтиже алынады, ол бойынша пайдаланушы егістіктерінің ағымдағы жағдайын бағалай алады.

 «Startup kazakhstan» халықаралық акселерация бағдарламасының қатысушысы Нұрлан Даиров:

 - Көктем-2 бірнеше модульді қамтитын, біріктірілетін, модульдік, экологиялық кешен. Ол «Онлайн» режимінде атмосфераның ағымдағы жағдайының көрсеткіштерін, ондағы ластаушы заттардың болуын тіркеуге мүмкіндік береді.

https://24.kz/ru/news/economyc/item/292332-kazakhstanskie-startup-proekty-prinosyat-do-300-pribyli