Сингапурлық стандарттар бойынша білім беру: «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ білім беру саласындағы жетекші сингапурлық компанияның инвестициялық жобасын іске асыруға көмектесуде
18 қаңтарда Қазақстанға сапары аясында сингапурлық компанияның делегациясы кейінгі жоспарларды талқылау үшін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы Сапарбек Тұяқбаевпен кездесті. Инвестициялық жобаны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды талқылау 2018 жылдың қарашасында қол қойылған «KinderWorldInternationalGroup» компаниясы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясындағы келесі қадамға айналды.
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ командасы жобалау кезеңінен бастап пайдалануға енгізуге дейін, сондай-ақ, инвестициядан кейінгі кезеңде сүйемелдеудің толық циклін және инвесторларды сервистік қолдауды қамтамасыз ететінін атап кеткен жөн. Солайша, Сингапурлық білім беру орталығын құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюдан кейін Kazakh Invest әкімдіктермен бірлесіп сингапурлық делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізді, оның барысында өңірлер басшылығымен кездесулер өтті, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында білім беру орталықтарын салу үшін ең тиімді жер телімдерін іріктеу және көрсету жүзеге асырылды. Үш кезеңдік жобаны іске асыру барысын талқылау үшін астананың әкімі Бақыт Сұлтановпен кездесу өтті.
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері жайлы алғаш рет сингапурлық компания ҚР Премьер-Министрі Б.Ә.Сағынтаевтың 2018 жылдың 21 қарашасындағы жұмыс сапары кезінде Kazakh Invest ұйымдастырған Қазақстан-Сингапур инвестициялық форумында танысты. Білім беру орталықтары мектепке дейінгі және орта мектеп білімі қызметтерін 12-жылдық бағдарлама бойынша ұсынады деп жоспарлануда.
Болашақта жобаның тұжырымдамасына сәйкес балабақша-мектеп-колледж-университет сингапурлық үздіксіз білім беру үлгісіндегі халықаралық білім беру орталықтары желісін құру қарастырылуда. «KinderWorld Kazakhstan» орталықтарында оқыту Cambridge IGCSE, Cambridge AS/A Level халықаралық оқыту бағдарламалары бойынша жүргізілетін болады.
Анықтама үшін:
«KinderWorld International Group» компаниясы қызметін 1986 жылы Сингапурда бастады және үздіксіз білім беру желісін дамытты. Білім беру бағдарламасы STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) оқыту жүйесін белсенді дамытуға бағытталған. Қазіргі уақытта компания Оңтүстік-Шығыс Азиядағы 20 білім беру орталығын басқаруда.
Мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелген, компания 2018 ж. 12-13 қарашасында Сингапурда өткен АСЕАН Іскерлік және инвестициялық саммиті аясында үздік компаниялардың бірі ретінде марапатталған.