• Мобильді үстемені жүктеу

Алакөлде құны 1,5 млрд теңгені құрайтын қонақ үй салынады

Былтыр Алакөл көлінің Шығыс Қазақстан облысы жағында 700 мыңға жуық турист демалды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

2019 жылы болжамдарға сәйкес демалушылар саны миллионнан асуы тиіс. Ол үшін қазірден бастап жағалаудың инфрақұрылымы дамытылып, заманауи демалыс аумақтары салынуда. Бұл ретте абаттандыруға қаражат тек мемлекеттік бюджеттен ғана бөлінген жоқ. Инвестицияларды ірі кәсіпкерлер де жұмсауда. Жақында мұнда құны бір жарым миллиард теңгеден жоғары 4-жұлдызды қонақ үй пайда болады. Тағы 230 миллион теңге ойын-сауық орталығын салуға бағытталады. Ұқсас жобаларды тағы 50 кәсіпкер дайындады.

 Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин:

- Қазір біз төрт, бес жұлдызды қонақ үйлер мен мейрамханалар салуға болатын жер телімдерін қарастырудамыз. Бұл телімдерге барлық коммуникацияларды жеткізу қажет, жобалық-сметалық құжаттама дайындық кезеңінде. Кейін бұл жер ірі бизнес-орталыққа айналады.

 https://24.kz/ru/news/economyc/item/287587-gostinitsu-za-1-5-mlrd-tenge-postroyat-na-alakole