Қазақстанда 900-ден астам Германиялық кәсіпорындар белсенді жұмыс істеуде
Неміс кәсіпкерлері Қазақстандағы бизнес-климатқа жоғары баға берді, - деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.
«Либералдық орта бизнес» Берлин бірлестігінің төрағасы Кристиан Гроссенің пікірінше, инвесторларды еліміздегі тұрақтылық, жеңілдіктер мен артықшылықтар болуы қызықтырады және Қазақстанды «Орталық Азиядағы бірінші деңгейге шығарып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 900-ден астам германиялық кәсіпорындар жұмыс істейді. Гроссенің айтуынша, Қазақстанға деген қызығушылық артуына байланысты алдағы жылдары бұл көрсеткіш те ұлғаюы мүмкін.
«Либералдық орта бизнес» Берлин бірлестігінің төрағасы Кристиан Гроссе:
- Бүгінгі Қазақстан – шетелдердің озық тәжірибесін зерделей келе, оны өз дамуына енгізіп отырған табысты, тұрақты және экономикалық дамыған мемлекет. Халықаралық қаржы орталығының ашылуы - бұл Қазақстанның халықаралық қаржы деңгейіне шыға бастауының белгісі. Жалпы, Германия үшін Қазақстан ірі бизнеспен айналысу үшін ғана емес, шағын және орта бизнес көзі ретінде аса қызығушылық тудырады. Өздеріңіз білетіндей, Германияда шағын бизнестің мыңдаған кәсіпорындары бар, сол кәсіпорындардың көпшілігі Қазақстанмен жұмыс істегісі келеді. Медицина, дигитализация, жаңа технологиялар бойынша Германияның тәжірибесі мол. Біз осы салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықты қарқынды түрде дамытуымыз қажет.
Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/285888-v-kazakhstane-aktivno-rabotayut-bolee-900-germanskikh-predpriyatij
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz