• Мобильді үстемені жүктеу

«KAZAKH INVEST» Ұлттық Компаниясының басшысы Катар Мемлекетінің ірі жеке меншік холдингінің төрағасымен кездесті

13 желтоқсанда Астана қ. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаевтың «Protocol Capital» Басқарма Төрағасы Ахмад Аль Джуфайримен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар кейінгі ынтымақтастық мәселелерін және ҚР аумағында катарлық бизнесмендердің инвестициялық қызметті жүзеге асыруының болашағын талқылады.

Кездесу кезінде Сапарбек Тұяқбаев кездесу қатысушыларына Қазақстанның инвестициялық климатының бәсекелік артықшылықтарын, мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ, Астана мен Алматының сәулет келбетін жетілдіру жөніндегі жоспарларды таныстырды.

«Protocol Capital» өкілдері өз кезегінде Қазақстанды өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың әлеуетті нысаны ретінде қарастыратындарын атап өтіп, құрылыс және энергетика, қонақ үй және туристік бизнес салаларындағы жобаларға, сондай-ақ, ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік объектілер құрылысына қызығушылық танытты.

Сұхбат қатысушылары ынтымақтастықты өсіру және катарлық компаниялардың қазақстандық нарыққа шығуы үшін жоғары әлеуетті, оның бірлескен кәсіпорындардың ашылуы мен инвестицияларды тұспалайтынын атап өтті. Кездесу қорытындылары бойынша қатысушылар кейінгі өзара ынтымақтастықты жүзеге асыруға сенім білдірді.

         Ақпараттық анықтама:

«Protocol Capital» - елдің экономикасы мен инфрақұрылымын дамытуда басты қызмет атқаратын Катар Мемлекетінің ірі жеке меншік холдингі, сонымен қатар, Таяу Шығыстың жетекші және беделді коммерциялық құрылымдарының бірі. Холдингтің АҚШ және бір қатар еуропалық елдердің іскерлік ортасындағы маңыздылығын атап кеткен жөн.

https://ru.invest.gov.kz/media-center/press-releases/glava-natsionalnoy-kompanii-kazakh-invest-vstretilsya-s-predsedatelem-krupneyshego-chastnogo-kholdin/