• Мобильді үстемені жүктеу

Б. Сағынтаев ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысына қатысты

Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті.

Отырыс барысында инвестициялық саясатты жүзеге асыру, еңбек заңнамасын дамыту, адами капитал және шетелдік жұмыс күшін жұмылдыру, энергетика, экология және мұнай-газ салалары мәселелері қарастырылды. Сонымен бірге, Кеңестің 32-ші пленарлық отырысына дайындық барысы талқыланды.

Жүргізілетін жұмыс жайлы ҚР Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Абылқасымова, білім және ғылым вице-министрі Б. Асылова, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының басқарма төрағасы А. Прейманис, шетелдік тараптан қоса төрағалық етушілер Е. Досымбеков, Ш. Гомез, сондай-ақ, «Қазақстандық Шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығының директоры Ж. Байдашева баяндама жасады.

Отырыс қатысушылары шетелдік инвесторлармен бірлесіп жүзеге асырылатын бағыттарды талқылап, кейінгі жұмыс бағдарын айқындады. Үмітті жобалар бойынша түсініктемелерін ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, қаржы министрі А. Смайылов, энергетика министрі Қ. Бозымбаев берді.

ҚР Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 ж. Елбасының Жарлығымен құрылды. Кеңестің құрамына 30 астам шетелдік компаниялар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері кіреді. Кеңестің негізгі міндеті – Қазақсттанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын анықтау, инвестициялық климатты жақсарту, инвестициялар жайлы нормативті құқықтық базаны жетілдіру, шетелдік компаниялардың экономиканы әртараптандыруларына көмектесу, өнеркәсіптік секторды индустрияландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, Қазақстан экономикасын әлемдік экономикалық үдерістерге интеграциялау, сонымен қатар, халықаралық маңызы бар ірі инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Кейінгі жаңғырту және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату мақсаттарында ҚР Үкіметі мүдделі меморгандармен бірлесіп, реттеу ортасын жақсарту, құқықтың және мемлекеттік басқару сапасының үстемдік құруы, білім беру жүйесін экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды есепке алумен реформалау, адами капиталды дамыту, сонымен қатар, экологиялық заңнаманы ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестікке келтіру және Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салаларының халықаралық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

http://mid.gov.kz/ru/news/b-sagintaev-prinyal-uchastie-v-promezhutochnom-zasedanii-soveta-inostrannyh-investorov-pri