• Мобильді үстемені жүктеу

Энергия үнемдеу бойынша жобаларға инвесторларды тарту қажет

Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңірлердің әкімдеріне инвесторлармен және энергия жұмсайтын кәсіпорындармен белсенді жұмыс істеуге, оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және энергия үнемдеуді насихаттау жобаларын жүзеге асыру бағытында. Үкімет басшысы инестициялар және даму министріне әрбір өнім бірлігіне (тонна болат, алюминий, көмір және т.б.) жұмсалатын энергия тұтынуды төмендетудің алгоритмдерін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы бүгінгі күні жалпы өнеркәсіп салаларының энергия жұмсауын төмендету бойынша жалпыланған мәлімет ғана бар екенін түсіндірді. Бұл механизм әрбір өнімді өндіру кезінде энергия тұтынылуы төмендегенін, немесе өндіріс азайып, соның салдарынан энергия тасымалдаушылардың тұтынуы төмендегенін қадағалау үдерісін қиындатады. 

Одан басқа, мемлекеттік энергетикалық тізілімде 5198 субъектінің арасында тек 710 заңды тұлғалар болып табылатынын есепке ала отырып, қалғандары – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорында орналасқан компаниялар – квазимемсектор да энергия тиімділігін жоғарылату бойынша жұмысты ретке келтіруге тиіс.

Инвестициялар және даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, өңірлерде жалпы сомасы 9,7 млрд. теңгеге энергия үнемдеу саласындағы 4 МЖӘ жобасы жүзеге асырылуда (Павлодар, Атырау және Қызылорда облыстары), қол қою сатысында 4 МЖӘ жобасы бар, 10 МЖӘ жобасы бойынша құжаттама әзірлеу және серіктестер іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап кеткен жөн. Басқа облыстарда энергия үнемдеу саласындағы МЖӘ жобалары жоқ.

 https://kapital.kz/economic/73819/v-proekty-po-energosberezheniyu-nuzhno-privlekat-investorov.html