• Мобильді үстемені жүктеу

Кореялық инвесторлар Қазақстанда жел қондырғылары зауытын салуды жоспарлауда

Кореялық инвесторлар Қазақстанда тиімділігі жоғары жел қондырғыларын құрастыру бойынша зауыт салады деп хабарлайды «Хабар 24». 

Олар «Қазақстанда жасалған» деген бренд бойынша дайындалады және сатылады деп жоспарлануда. Бүгін екі тарап арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, қуаттылығы 10 мегаватт күн электр станциясының құрылысы жоспарлануда. Ол Түркістан облысының Жамбыл кентінде орналасатын болады. Жобаға шамамен 15 млн доллар бөлінді. Зауыт 2020 жылы іске кіріседі деп күтілуде.

Джон ЁнгСун, инвестор:

- Біз Қазақстанмен 2008 жылдан бері, Өскемен қаласында қазақстандық-кореялық медициналық орталық ашылғаннан бері жұмыс істейміз. Қазіргі таңда мұнда күн және жел электр станциясы құрылысын дамытуды жоспарлап отырмыз. Біздің технологиялармен және сіздердің мүмкіндіктеріңізбен әлемдік деңгейдегі өнім жасап шығаруға болады. Біз Түркістан облысын дамытудан және «Жасыл қала» құрылысынан бастаймыз және электр энергиясын сақтау және сату бойынша энергетика жүйесін енгіземіз.

Бақытбек Танагузов, Түркістан облысы Бәйдібек ауданының әкімі:

- Электростанция 10 мегаваттқа есептелген, дегенмен, біз оның қуатын арттыратын боламыз. Дайындық жұмыстары басталып кетті, кореялық инвесторлар жергілікті аймақпен, тұрғындармен танысу үшін келіп қайтты. Біз үшін ол үлкен көмек.

Источник: https://24.kz/ru/news/economyc/item/276234-korejskie-investory-postroyat-v-kazakhstane-zavod-vetryanykh-ustanovok
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz