• Мобильді үстемені жүктеу

Малазийялық бизнесмендер Қазақстанның инвестмүмкіндіктерімен танысты

Алматыда Қазақстан-Малайзия бизнес-форумы өтіп, онда халықаралық ынтымақтастық туралы 6 меморандумға қол қойыды. Шараға «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Біржан Канешев қатысты.

Аталған шара Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың белгісі. Бұл екі елдің іскерлік кеңесін ұлықтау рәсімі өткен алғашқы Қазақстан-Малайзия бизнес-форумы.

Шараға 100 жуық қазақстандық және малайзиялық компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Іскерлік кеңес екі елдің бизнесі өкілдері арасындағы өзара пайдалы серіктестіктің дамуы үшін тиімді алаң деп танылып отыр.

«Малайзия Қазақстан үшін жетекші сауда серіктестердің бірі. Малайзияның қазақстандық нарықта қайта қалпына келетін энергия көздері, өнеркәсіп салалары бойынша қызығушылығы бар. Біз медициналық, консалтингтік және тағы да басқа қызметтер көрсету бойынша жұмыс жасап келеміз»,-деп атап өтті форумның ашылуында сөйлеген Малайзияның Қазақстандағы елшісі Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман мырза.

«Kazakh Invest» АҚ форумның ұйымдастырылуына белсенді түрде атсалысты. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев және Қазақстан-Малйазия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Датук Лу Тук Джи ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар, форум барысында «Kazakh Invest» басшылығы «ITRAMAS», «Tasstech International», «Pharmaniaga», «Halfmoon Bay» сияқты және т.б. ірі малазиялық компаниялармен ынтымақтастықтың болашағы туралы мәселелерді талқылады.  

«Kazakh Invest» АҚ-ның малайзиялық бизнесмендерге Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.

 https://invest.gov.kz/media-center/press-releases/malaziyskie-biznesmeny-oznakomilis-s-investvozmozhnostyami-kazakhstana/